Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған

депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте Атырау облысы Жылыой ауданында 2 сайлау округінде (№3 және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша) болатын мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында барлығы 7 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 2-уі саяси партиядан, 5-уі өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4 ер адам және 3 әйел адам бар.

4 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3–уі саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

Орташа жас - 37 жасты құрайды.

Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.

Кандидаттардың 1-уі мемлекеттік мекемеде, 3-уі бюджеттік мекемелерде,   3-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары  4 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18:00-де.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2025