Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының шығып қалған

депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте Атырау облысы Индер ауданында                        №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында барлығы 6 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 2-уі саяси партиядан, 4-уі өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Ұсынылған кандидаттардың барлығы ер адамдар.

2 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 4–уі саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

Орташа жас - 36 жасты құрайды.

Кандидаттардың 4–уі жоғары, 2-уі арнаулы орта білімді.

Кандидаттардың 2-уі бюджеттік мекемелерде, 4-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясы             2 кандидатты тіркеді.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде 2 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18:00-де.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

 

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2025