Азаматтарды қабылдау орталығы
Жарияланған күні: 18 қаңтар 2024
Жаңарту күні: 29 қыркүйек 2026
Көру саны:146

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
- кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
- түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
- орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады:
8 (71234) 2 12 74
Орналасқан жері: Индербор кенті, Қонаев көшесі, №14
Жарияланған күні
18 қаңтар 2024
Жаңарту күні
29 қыркүйек 2026
Жарияланымның авторы