Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар!
Бүгінгі брифинг тақырыбы – сақтандыру нарығын дамытудағы жаңа бағыттар. Біз соңғы жылдарда пайда болған сақтандыру өнімдері туралы, цифрландырудың клиенттерге көмегі жайлы айтамыз. Сонымен бірге сақтандыру саласын дамыту жоспарларымен бөлісеміз.
Дамыған елдерде сақтандыру секторының активтері ЖІӨ-нің орташа есеппен 7-8%-ын құрайды, бұл оның экономикаға жоғары дәрежеде интеграцияланғанын көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі де айтарлықтай төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол ЖІӨ-нің 2,4%-ын ғана құрады. Дегенмен, соңғы жылдары сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.
2024 жылы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 3,2 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға өсті. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті.
Өткен жылғы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1 507 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 51%-ға көп. Бес жылдық кезеңде сыйлықақылар үш есеге өсті. 2024 жылғы сақтандыру төлемдері 22%-ға өсіп, 334 млрд теңгеге жетті. Бес жыл ішінде төлемдер көлемі 2,3 есеге артты.
Саланы дамытуға ықпал ететін негізгі факторлардың қатарында ерікті сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту, міндетті сақтандыру түрлері бойынша қолжетімділікті арттыру және шарттарды жақсарту, цифрландыруды дамыту, сақтандыру саласының инфрақұрылымын нығайту бар. Бұл факторлар қазіргі экономикалық жағдайда сақтандыру нарығының негізгі өсу нүктелеріне айналады. Оларға толығырақ тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
Бірінші. Қазақстанда 2024 жылы ерікті сақтандыруға сұраныстың өсуі халықтың қаржылық сауаттылығының артқанын және сақтандыру өнімдеріне деген сенімнің ұлғайғанын көрсетеді. Зейнетақы аннуитеттері, КАСКО-ны қоса алғандағы ерікті мүліктік сақтандыру және ерікті өмірді сақтандыру өсу драйверлері болып табылады.
2024 жылдан бастап Қазақстанда «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілді. Ол ағымдағы жылы 5 жасқа толатын баланың пайдасына жасалған Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МББЖЖ) шеңберіндегі әрбір сақтандыру шартына немесе банк салым шартына мемлекет тарапынан бастапқы капитал (барлығына 60 АЕК және жетім балаларға 120 АЕК) есептелетінін көздейді. Бұл білім беру қызметтерін төлеу үшін жинақталған қаражаттың жалпы көлемін ұлғайтуға және, сәйкесінше, МББЖЖ қатысушылары үшін жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейін, МББЖЖ қазақстандықтарға балалардың біліміне қаражат жинақтауға, жыл сайын мемлекеттен 5 немесе 7% сыйлықақы және сақтандыру ұйымынан немесе банктен қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді. Сақтандыру ұйымдары МББЖЖ-ге 2023 жылдан бастап қосылды. Бүгінгі таңда 1 млрд теңгеге 4,7 мыңнан астам сақтандыру шарты жасалды. Салыстыру үшін, банктер 2013 жылдан бері МББЖЖ шеңберінде жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 89 мың депозиттік шарт жасады.
Біздің азаматтарды сақтандыру өнімдерін пайдалана отырып қаражат жинақтауға ынталандыру үшін 2025 жылы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктерін өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлеріне кеңейту жоспарлануда. Тиісті заңнамалық түзетулер ҚР Парламентінде қаралуда. Қазіргі уақытта Қордың кепілдігі 10 сыныпқа таралады: 8 міндетті сынып, зейнетақы аннуитеттері және МББЖЖ шарттары.
Қабылданған шаралар өмірді сақтандыру өнімдерін халық үшін тартымдырақ етеді және азаматтардың қаржылық қорғалуын жақсартуға, оларды ұзақ мерзімді жинақтарға ынталандыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша шараларын қабылдау да жоспарлануда.
Банк несиелерін алу кезіндегі сақтандыру шығындарын азайту мақсатында банк несиелерімен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиясы сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-ынан аспауы тиіс екендігін көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың қазан айында күшіне енеді деп күтілуде.
Ипотекалық несиелерді сақтандыру бойынша стандартталған шарттарды енгізу мүмкіндігі қарастырылуда, бұл қарыз алушылар үшін сақтандыру қызметтерін ұсынуға бірыңғай талаптар мен тәсілдерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық ашықтықты қамтамасыз етеді және сақтандыруды рәсімдеу процесін жеңілдетеді.
Агенттік сондай-ақ ерікті сақтандыру шарттарына қойылатын негізгі талаптарды белгілеу бойынша заңнамалық түзетулерді дайындады. Бұл сақтанушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, қажетсіз немесе тиімсіз сақтандыру шарттарын таңу, төлемсіз сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін негізсіз кешіктіру мүмкіндігін болдырмайды.
Біз бұл шаралар азаматтардың ерікті сақтандыруға деген сенімін нығайтуға және оны одан да қолжетімді және түсінікті етуге көмектеседі деп күтеміз.
Екінші. Міндетті сақтандыру әртүрлі табыс деңгейіндегі азаматтар үшін қолжетімді болып қала отырып, көптеген тәуекелдерден қорғауды ұсынуы тиіс. Ол үшін Агенттік сақтандыру нарығының қатысушыларымен бірлесіп қолданыстағы міндетті сақтандыру сыныптары бойынша шарттарды жақсартуға және жаңа сақтандыру өнімдерін енгізуге бағытталған шараларды әзірлеуде.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру (ӨЖОҚМС) жүйесінде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін 55 жастан 63 жасқа дейін ай сайын 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі (184 912 теңге) мөлшерінде төлемдер қарастырылған. Төлемдер төрт көзден (республикалық бюджет есебінен, жұмыс беруші есебінен, зейнетақы жинақтары есебінен және сақтандыру ұйымдары есебінен) әрқайсысынан 1 ЕТКД (46 228 теңге) мөлшерінде жүзеге асырылады.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 12 мыңға жуық қызметкер мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін пайдаланды, олар үшін сақтандыру ұйымдары есебінен 26 млрд теңгеге жуық төлем қарастырылған, оның 4,5 млрд теңгесі қазірдің өзінде төленді.
2024 жылдан бастап ӨЖОҚМС шеңберінде зейнеткерлікке дейінгі төлемдерден басқа жұмыс берушілерге еңбек жағдайларын жақсарту үшін профилактикалық шаралар жүргізуге төлемдер жүзеге асырылады. Бүгінгі күні сақтандырушылар 28 млн теңгеге жуық профилактикалық төлемдерді жүзеге асырды.
Сақтандыру тарифтерін көтермей-ақ көрсетілген шараларды іске асыру 2024 жылы ӨЖОҚМС бойынша төлемдердің өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астамға – 15-тен 45 млрд теңгеге дейін өсуіне ықпал етті.
Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелерінің өсуіне байланысты 2025 жылдың ақпан айында ӨЖОҚМС жүйесін тұрақтандыру үшін қайта сақтандыру пулы құрылды. Пул оның қатысушылары арасындағы жүктемені тиімді қайта бөлуге, сақтандырудың жалпы шығындарын азайтуға және сақтанушыларға неғұрлым тиімді шарттар алуға мүмкіндік береді.
Соңғы 7 жылда сақтандыру нарығында 7 жаңа міндетті сақтандыру түрі пайда болды. Олардың қатарында адвокаттардың, заң консультанттарының, жеке сот орындаушыларының, кеден өкілдерінің, кеден қоймасы иелерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және еңбек мигранттарын медициналық сақтандыру бар.
2024 жылдың қазан айынан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді, ол медицина қызметкерлерін де, пациенттерді де қорғауды қамтамасыз етеді. Ол дәрігерлердің кәсіби қызметіндегі қателіктер немесе кемшіліктер салдарынан туындауы мүмкін ықтимал шығындарды жабуға мүмкіндік береді. Бұған пациенттің денсаулығына зиян келтіргені үшін өтемақы, сондай-ақ сот істері болған жағдайда сот шығындарын жабу кіреді.
Бұл сақтандыру түрін қатысушылары 14 сақтандыру ұйымы болып табылатын бірыңғай сақтандыру пулы жүзеге асырады.
Пул іске қосылғаннан бері 1 620 шарт жасалды, 186 мың медицина қызметкерінің жауапкершілігі сақтандырылды. Сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы 979 млн теңгені құрады. Бірыңғай сақтандыру пулының жарты жылдық жұмысы ішінде 35 млн теңге сомасында сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды.
2025 жылы көпшілік жиналатын орындар иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу жоспарлануда. Ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен ірі көпшілік жиналатын орындардағы өрттерден зардап шеккендерге шығын өтеледі. Заң жобасы ҚР Парламентінде қаралуда.
Қазақстан үшін апаттық тәуекелдерден сақтандыруды енгізу маңызды. Сіз білетіндей, біздің елдің аумағы әртүрлі табиғи апаттардың тәуекелдеріне ұшыраған. Бұл жер сілкіністері, су тасқындары, селдер, орман өрттері, құрғақшылық және дауылдар.
Алматыдағы сезілерлік жер сілкіністері және өткен жылғы елдің солтүстігі мен батысындағы 224 елді мекен зардап шеккен күшті су тасқындары табиғи апаттар қаупі бар аймақтарда азаматтардың мүлкін қосымша қорғау жүйесін құру қажеттілігін растады. Бүгінгі таңда халықты мұндай сақтандырумен қамту өте төмен – ел бойынша шамамен 3,2%.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, апаттық сақтандырудың тиімді жүйелері әрқашан көп деңгейлі болып табылады және бірнеше көзден төлемдерді қамтиды. Сондықтан біз бюджеттік шығындарды, сақтандыруды және сыртқы қаржыландыруды тартуды қоса алғанда, мемлекеттік-жеке әріптестіктің әртүрлі нұсқаларын қарастырудамыз.
Қабылданған шаралар азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді және сақтандыру мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Үшінші. Цифрландыру сақтандыру саласының дамуындағы негізгі трендтердің бірі болып табылады. Ол клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға, жеделдікті арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
2024 жылдан бастап Қазақстанда сақтандырудың барлық міндетті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдері автоматтандырылды. Енді сақтандыру шартын онлайн жасасу ғана емес, сонымен қатар сақтандыру ұйымының сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы сақтандыру төлемін алуға өтінім мен құжаттар пакетін жіберіп, төлемді тікелей банк шотына алуға болады. Бұл өте ыңғайлы, өйткені сақтандыру ұйымының кеңсесіне баруға және қағаз құжаттарды жинауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.
Өткен жылы алғашқы цифрлық сақтандыру өнімі – Еурохаттама іске қосылды. Автокөлік иелері ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде жол полициясын шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ жеңіл сақтандыру төлемін алуға құқылы. Еурохаттаманың арқасында міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда жеңілдетілген тәртіппен 15,2 мың жағдай бойынша 2,8 млрд теңге төленді. Төлемдердің орташа мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін қысқарды, бұрын бұл рәсім жол-көлік оқиғасы болған сәттен бастап орташа есеппен 2-3 айды алатын. Жеңілдетілген төлемді «Еурохаттама» немесе DTP.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе тікелей сақтандыру ұйымының сайты арқылы рәсімдеуге болады.
Тұтынушылар үшін сақтандырудың оңтайлы нұсқаларын таңдау процесін жеңілдету мақсатында «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ сайтында тестілік сервис іске қосылды. Ол әртүрлі сақтандыру ұйымдары ұсынатын сақтандыру өнімдерінің шарттарын салыстыруға және олардың құнын есептеуге мүмкіндік береді. Сервис сақтандырушылардың сайттарына кіруді қамтамасыз етеді, онда сақтандыру ережелерімен танысуға, қандай сақтандыру бағдарламалары бар екенін түсінуге және өзіңізге қолайлы шарттарды таңдауға болады.
Процестерді автоматтандыру, Еурохаттама сияқты цифрлық өнімдерді іске қосу және шарттар жасасу мен төлемдер алу үшін онлайн-сервистерді енгізу клиенттердің сақтандыру ұйымдарымен өзара әрекеттесуін айтарлықтай жеңілдетті және сақтандырудың ашықтығын арттырды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Төртінші. Сақтандыру нарығындағы инфрақұрылымның маңызы зор, өйткені ол оның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
2024 жылдан бастап сақтандыру нарығында сақтандыру омбудсмені арқылы дауларды сотқа дейін міндетті түрде реттеу рәсімі енгізілді. Сақтандыру ұйымдарының клиенттері үшін сотқа шағым түсірмес бұрын сақтандыру омбудсменіне жүгіну міндетті болды. Жеке тұлғалар үшін омбудсменге жүгіну тегін, бағалаушыларды немесе заңгерлерді тартуды қажет етпейді. 2024 жылы сақтандыру омбудсмені 8 875 істі қарады, оның ішінде сотта 18 шешімге шағымданылды, 2 шешім сотпен бұзылды.
Лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымдары клиенттерінің құқықтарын қорғауды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді. Оның кепілдіктері барлық міндетті және әлеуметтік маңызы бар сақтандыру сыныптарын қамтиды. Егер сақтандыру ұйымы лицензиясынан айырылса да, клиент Қордың кепілдік беру резервтері есебінен сақтандыру төлемдерін толық көлемде алуды жалғастырады.
Қор сондай-ақ кінәлі адам оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Мұндай төлемдерді «Еурохаттама» қосымшасы арқылы да жеңілдетілген тәртіппен алуға болады.
Сақтандыру нарығының активтері мен міндеттемелерінің өсуіне қарай бірыңғай сақтандыру деректер базасы негізінде статистиканы талдаумен және тәуекелдерді бағалаумен айналысатын актуарлық орталық құру қажеттілігі туындайды. Бұл бізге нарықтың әртүрлі сегменттеріндегі үрдістер мен қажеттіліктерді дәлірек болжауға, сондай-ақ саланы дамыту үшін негізделген шешімдерді әзірлеуге көмектеседі.
Біздің мақсатымыз – сақтандырудың ашықтығын, тұрақтылығын, және халықтың сақтандыруға деген сенімін арттыру.
Қайырлы күн, құрметті депутаттар және дөңгелек үстелге қатысушылар!
Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.
Жаңа заңды әзірлеу Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жаңа заң банк секторының орнықтылығын нығайтуға, инновацияларды дамытуға және банктердің экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы рөлін арттыруға ықпал етуге арналған.
Заңнамалық ережелердің негізгі бағыттары:
Банктерді реттеуді жетілдіру;
Базалық және әмбебап банктік лицензияны енгізу;
Исламдық қаржыландыруды дамыту және оны ұсыну форматтарын кеңейту;
Жаңа заңның құрылымы:
«Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң 9 бөлімнен, 23 тараудан, 134 баптан тұрады. Жаңа редакцияның негізгі ерекшеліктері — Заңды банктің өмірлік цикліне сәйкес: оны құру мен лицензиялаудан бастап қызметін тоқтату және тарату кезеңдеріне дейін баяндау. Мұндай құрылым қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін заңнаманы жүйелі, айқын және икемді қолдануға мүмкіндік береді.
Банктерді реттеуді жетілдірудің бірінші бағыты — қаржылық тұрақтылықты қолдауға және банк секторы үшін алдағы жылдарға арналған тиімді және озық нормативтік базаны құруға бағытталған бастамалар жиынтығы.
Өзгерістер мынадай үш ауқымды блок бойынша құрылымдалған:
Бірінші блок банктердегі корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, негізгі блоктардың басшыларына қосымша талаптар белгіленеді: тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және комплаенс-бақылау. Бұл лауазымдар тиісті біліктілік және бедел талаптары бар басшы қызметкерлерге теңестіріледі.
Сонымен қатар, тәуелсіз директорлар институтының рөлі күшейтіледі. Олардың кәсіби тәуелсіздігін және басқаруға қатысу тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар көзделеді. Лауазымды атқару мерзіміне шектеулер, банкпен және онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен (БЕҚБТ) іскерлік және өзге де байланыстардың болмауы бойынша талаптар, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау енгізіледі. Мысалы, банктің капиталына қатысуға немесе банктен не онымен байланысты құрылымдардан қосымша сыйақы алуға жол берілмейді. Сондай-ақ, мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін әрекеттер тәуелсіз директорлар тарапынан оң қорытындымен бірге жүруі тиіс норма енгізіледі.
Екінші блок қаржылық тұрақтылықты қолдау үшін нормативтік базаны дамытуды қамтиды, оның шеңберінде мынадай бастамалар іске асырылады:
Уәжді пайымдауды қолдануды кеңейту жоспарлануда. Бұл тәсіл реттеушіге қызметкерлер мен директорлар кеңесі мүшелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін икемді бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, банк қызметкерін басшы қызметкер деп тану көзделген, бұл тиісті біліктілік нормаларын қолдануға әкеп соғады. Сондай-ақ, директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігін бағалау және өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, оны атқаратын лауазымынан шеттету мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар реттеушінің мүдделер қақтығысының болуын бағалау жөніндегі өкілеттігі кеңейтіледі, ол қажет болған жағдайда аудиторды ауыстыру құқығымен сыртқы аудиттің дұрыстығына әсер ете алады.
Сонымен қатар, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тобын қамту ұлғаяды. Қолданыстағы өлшемшарттар халықаралық қаржылық есептілікте (ХҚЕС) қолданылатын белгілермен толықтырылады. Атап айтқанда, мұндай тұлғалардың қатарына банктің ірі қатысушыларының бақылауындағы заңды ұйымдар, сондай-ақ шарттық немесе өзге де негіздерді қоса алғанда, қабылданатын шешімдерге елеулі ықпал етуге қабілетті жеке және заңды тұлғалар жатады.
Банктердің бейінді емес қызметінің деңгейін төмендету және активтерді экономикалық айналымға қайтаруды тездету мақсатында, өндіріп алынған мүліктің банк тобының балансында — банк пен арнайы активтерді басқару ұйымы үшін жиынтығында үш жылдан аспайтын мерзімге шектеу енгізіледі.
Үшінші блок нормативтік базаны оңтайландыруға және ескірген әрі қайталанатын нормаларды алып тастауға байланысты.
Жаңа заң шеңберінде акционерлер мен басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарды біріздендіру, оларды кейіннен «Мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» жеке заңға ауыстыру жүргізіледі, бұл нарыққа қатысушылар үшін нормаларды қолданудың құқықтық сенімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге ескірген және қайталанатын ережелер алып тасталады.
Екінші бағыт лицензиялау жүйесін жаңғыртуға және банк нарығына қолжетімділікті жеңілдетуге арналған. Бұл блоктағы негізгі бастама базалық банктік лицензияны енгізу болып табылады, бұл жаңа қатысушылардың шығуына және сектордағы бәсекелестіктің күшеюіне ықпал ететін икемді реттеу жағдайларын жасайды.
Базалық лицензия рұқсат етілген операциялардың көлемі, сондай-ақ реттеушілік талаптар бойынша да әмбебап лицензиядан ерекшеленеді. Атап айтқанда, активтердің ең жоғары мөлшері бойынша шектеулер 500 млрд теңге деңгейінде белгіленеді. Базалық лицензиясы бар банктер үшін капиталдың ең төменгі мөлшері 10 млрд теңгені құрайды, ал әмбебап банктер үшін бұл шек 20 млрд теңгеге дейін көтеріледі. Сонымен бірге тәуекелдерді басқару және есеп беру жүйесіне қойылатын талаптар да азаяды, қадағалау жүктемесі азаяды, ал орнықтылықтың базалық қағидаттары сақталады.
Тәуекелдерді шектеу мақсатында базалық банктерге бейрезиденттерге кредиттер мен өзге де кредиттік өнімдерді беруге, сондай-ақ банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға қарыздар беруге тыйым салынады. Бұдан басқа, жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ салымдарының жиынтық мөлшеріне 10 млн теңгеден аспайтын шектеу енгізіледі. Сондай-ақ күрделі немесе тәуекелі жоғары қаржы құралдары бойынша брокерлік және дилерлік операцияларға байланысты қызметке тыйым салынады.
Базалық лицензияны әлеуетті пайдаланушылардың бірі – өз бизнесін кеңейтіп, халық пен бизнестен депозиттер тартқысы келетін рған микроқаржы ұйымдары. Бүгінгі күні 12 микроқаржы ұйымының капитал мөлшері 10 млрд теңгеден жоғары, 2 микроқаржы ұйымына екінші деңгейдегі банкке айналдыруға рұқсат берілді, олар ҚМФ және БиЭнКей Финанс Қазақстан.
Үшінші бағыт ислам банкингін дамыту үшін жағдай жасауға байланысты. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама исламдық банк қызметін жүзеге асыру үшін жеке ислам банкін құруды талап етеді. Ислам банкингі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында 2009 жылдан бастап көзделгеніне қарамастан, оның банк секторындағы үлесі шамалы – жиынтық активтердің 0,5%-ынан аз.
Исламдық қаржыландыруды дамытуды ынталандыру мақсатында Агенттік «исламдық терезелер» тетігін енгізуді, яғни дәстүрлі банк шеңберінде исламдық банк қызметтерін ұсынады. Бұл формат нарыққа жаңа қатысушылардың, оның ішінде ұқсас модельдерде тәжірибесі бар шетелдік инвесторлардың шығуын жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл бзнестің ауқымдылығын, қолданыстағы банктік инфрақұрылыммен синергия арқылы өңірлердің қатысуын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге шариғат қағидаттарына сәйкестікті қалайтын клиенттер үшін исламдық қаржы өнімдерінің қолжетімділігі артады. Исламдық терезелерді ашатын дәстүрлі банктер үшін операцияларды бөлек есепке алу және исламдық қаржыландырудың барлық талаптарын қатаң сақтау маңызды жағдай болады.
Төртінші бағыт іс-қимылды қадағалауды дамытумен және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтумен байланысты.
Бұл тәсіл қаржылық өнімдерді басқарудың барлық кезеңдерінде — әзірлеуден бастап мониторингке дейінгі жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Ақпаратты жария ету бойынша талаптар күшейтіледі, жосықсыз практикаларға тыйым салынады, қаржы ұйымдарының қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін жауапкершілігі енгізіледі.
Іс-қимылды қадағалаудың нысаналы моделіне екі негізгі компонент кіреді. Біріншісі – тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу тетігі, ол қаржы ұйымдарының сапалы, қолайлы және түсінікті өнімдерді ұсыну, клиенттердің қанағаттанушылығына бағдарлану, сондай-ақ Агенттік тарапынан құқықтық базаны қалыптастыру және тәуекелге бағдарланған қадағалауды жүргізу міндетіне негізделген. Екіншісі – дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімді жүйесі, оған үш деңгей кіреді: арнайы тәуелсіз бөлімше арқылы қаржы ұйымы ішіндегі шағымдарды қарау, орындауға міндетті шешіммен қаржы омбудсманына жүгіну және қажет болған жағдайда, жүйелі шаралар қабылдау мақсатында Агенттіктің араласуы.
Бесінші бағыт төлемге қабілетсіз банктерді реттеу тетіктерін дамытуға қатысты. «Банктер және банк қызметі туралы» заң банктерді мемлекеттік қолдау қажеттілігін барынша азайтатын бірқатар нормалармен толықтырылды. Мемлекеттік қолдауға тек жүйелі маңызы бар банктерге қатысты ғана жол беріледі.
Дағдарысқа қарсы реттеудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі: күшейтілген қадағалау режимі, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі және төлем қабілетсіздігін реттеу режимі. Әрбір кезең активтендіру өлшемшарттарын, реттеуші шараларының тізбесін және банк тарапынан қадамдарды қоса алғанда, заңнамалық түрде бекітілген.
Сондай-ақ, заңда барлық банктер үшін міндетті болатын қалпына келтіру жоспарларына қойылатын талаптар айқындалған. Бұл жоспарларды банктердің өздері әзірлеп, жыл сайын жаңартуы керек, ал реттеуші олардың сапасын, толықтығын және өзектілігін бағалап, жоспарды іске қосатын триггерлерді қадағалайды.
Уәкілетті органның төлемге қабілетсіз деп танылған банктерді реттеу жоспарларын әзірлеу міндеті жеке белгіленген, бұл ретте олардың өміршеңдігін бағалау стратегиялары мен рәсімдері айқындалатын болады. Жүйелік маңызы бар банктер болған жағдайда, міндеттемелерді капиталға айырбастау есебінен шығындарды сіңіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеткілікті капитал қорының (TLAC) болуы көзделеді.
Сондай-ақ мемлекеттің қатысу талаптары мен тетігі нақты айқындалған. Мемлекет екі талап бір мезгілде орындалған кезде ғана араласуы мүмкін: банкті жүйе құраушы деп тану және TLAC пен онымен байланысты тұлғалар арқылы жеке ресурстың толық сарқылуы.
Бұдан басқа, заң барлық тартылған мемлекеттік органдардың рөлін нақты ажыратады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дағдарысқа қарсы режимдерді бақылау мен іске асыруға жауапты болады. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес реттеу шараларын қолдану және мемлекеттік қолдаудың орындылығы туралы шешімдер қабылдайды. Үкімет капиталға қатысуға немесе кепілдіктер беруге келісім береді, ал Ұлттық Банк банктердің жүйелік маңыздылығын айқындайды және соңғы сатыдағы қарызды береді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген сомалар шеңберінде салымшыларға төлемдерді қамтамасыз етеді.
Алтыншы бағыт заманауи цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастыруға және цифрлық активтерді реттеуге қатысты. Бұл блок қаржы секторын одан әрі цифрландыруға және орнықты цифрлық экожүйені қалыптастыруға ықпал ететін құқықтық және технологиялық базаны құруға бағытталған. Осы мәселе бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке ұсынады.
Заң жобасы шеңберінде ұсынылған барлық өзгерістер халықаралық сарапшылардың, оның ішінде Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Халықаралық валюта қоры өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті қаржы нарығына қатысушылардың белсенді қатысуымен әзірленді.
Қазақстанның көптеген қаржы ұйымдары ESG-есептілікті жасау практикасын және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл шаралар ерікті. Алайда алдағы жылдары олар қаржы реттеушісінің талабы бойынша міндетті болады деп жоспарланып отыр.
Қазақстан үшін – бұл инвестициялық тартымдылықты арттыру және қаржылық орнықтылықты қолдау мүмкіндігі. Қаржы ұйымдары алдағы өзгерістерге қалай дайындалып жатқаны және қаржы секторы алдында қандай мүмкіндіктер ашылатыны туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Қазақстандағы IFC Халықаралық қаржы корпорациясының (Дүниежүзілік банк тобы) басшысы Зафар Хашимов айтып берді.
– Мәдина Ерасылқызы, сұхбаттарыңыздың бірінде сіз орнықты даму қағидаттарына негізделген қаржы нарығын дамыту Агенттіктің басымдықтарының бірі екенін атап өттіңіз. Ағымдағы экономикалық жағдайларда Қазақстан үшін ESG-күн тәртібінің маңыздылығын қалай бағалайсыз?
– Шынында да, тұрақтылықты нығайту, экономиканы қаржыландыруды ынталандыру, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ инновацияларды енгізу сияқты міндеттермен қатар ESG-практикаларын енгізу Агенттіктің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, Метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі жаһандық бастамаға қосылу сияқты Қазақстанның климаттық міндеттемелерін ескере отырып, қаржы институттары капиталды экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жобаларға бағыттауда маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар ESG-қағидаттары инвестициялық шешімдер қабылдаудың маңызды өлшемшарты болып қала береді. Бұл ESG- тәсілдерін белсенді енгізетін қаржы институттарының алдында капиталды тарту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан сияқты дамушы нарықтар үшін мұндай интеграция аса маңызды болып отыр, себебі ол қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді және инновацияларды ынталандырады.
– Зафар Расулович, ESG-күн тәртібі әлемдік қаржы секторында қалай дамуда және сіздің ойыңызша, оны Қазақстанда енгізу қалай іске асырылады?
– ESG-күн тәртібі жаһандық қаржы секторының маңызды бөлігі және компаниялар мен қаржы институттары үшін стратегиялық қажеттілік болып табылады. Климаттық және әлеуметтік қауіптер туралы хабардарлықтың артуы, реттеудің күшеюі және мүдделі тараптардың күтулері ESG-ді орнықты дамудың ажырамас факторына айналдырады.
Халықаралық инвесторлар осы салада ашықтықты талап етеді, ал реттеушілер міндетті ESG-есептіліктің міндетті стандарттарын енгізеді. Қазақстан Орталық Азияда стратегиялық әлеуетке ие бола отырып, өңірдегі басты ойыншы мәртебесін бекіте отырып, ESG-қағидаттарын енгізу бойынша елеулі қадамдар жасауда.
Қазақстан қаржы секторы үшін ESG-қағидаттарын реттеушілік деңгейде бекіткен Орталық Азиядағы бірінші ел болғаны, шын мәнінде, маңызды. Агенттік ESG-ақпаратты жария ету және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі нұсқауды ұсынды, сол арқылы деректерді міндетті түрде жария етуге біртіндеп көшуге мүмкіндік берді.
Қаржы секторын дайындау үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен оқыту бағдарламалары өткізілуде. Мұндай жүйелі жұмыс нарықтың ашықтығын арттыруға және халықаралық қаржыландыруға қол жеткізуді жеңілдетуге ықпал етеді.
– Мәдина Ерасылқызы, қазіргі кездегі еліміздің қаржы ұйымдарының орнықты даму стандарттарын енгізуге және қаржылық емес ақпаратты жария етуге деген ұмтылысын қалай бағалайсыз?
– Қазақстанның қаржы ұйымдары орнықты даму стандарттарын біртіндеп енгізгісі келеді және ESG олардың стратегиялық тәсілінің маңызды бөлігіне айналуда. Ұйымдар ESG-практикаларын интеграциялау инвестициялар тартуға, клиенттердің сенімін арттыруға және нарықтағы позицияларын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінеді.
Реттеушімен және нарықтың басқа да қатысушыларымен ынтымақтастық ESG-қағидаттарын тиімді енгізу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға ықпал етеді. Алайда, қаржы ұйымдарының жаңа талаптарға бейімделуге және өз қызметіне орнықты тәжірибелерді енгізуге дайындығы негізгі фактор болып қала береді.
2023-2024 жылдары Агенттік IFC қолдауымен Қаржы секторының ESG және орнықты қаржыландыру саласында хабардар болуын арттыру жөніндегі жол картасын әзірледі. Сараптамалық әлеуетті дамытуға бағытталған оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізілді. Жұмысқа жетекші халықаралық сарапшылар мен KPMG, E&Y, PwC, Morrow Sodali және Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты сияқты консалтингтік компаниялар тартылды. Оқыту ESG-дің есептілікті дайындау, ақпаратты жария ету стандарттары, климаттық және ESG-тәуекелдерді басқару, сондай-ақ климаттық стресс-тестілеу сияқты негізгі аспектілерін қамтыды. Бұл күш-жігер орнықты даму корпоративтік басқарудың ажырамас бөлігіне айналатын мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Агенттік қаржы секторына орнықты дамудың күн тәртібін ілгерілетуде қолдау көрсету мақсатында іс-шараларды әзірлеуді жалғастыруда.
– Зафар Расулович, Қазақстанның ESG саласындағы бастамалары халықаралық инвестициялардың келуіне қалай әсер етуі мүмкін және жаһандық нарықтар тарапынан сенімді арттыру үшін қандай қосымша қадамдар жасау қажет?
– Шетелдік инвестициялар инфрақұрылымды жаңғыртуға, жұмыс орындарын құруға және озық технологияларды енгізуге ықпал ете отырып, экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады. Оларды сәтті тарту үшін ел жаһандық нарықтың талаптарына сай болуы керек, ал мұнда ESG факторлары, осыған дейін атап өткендей, инвестициялық шешімдер қабылдауда маңызды.
Басқа елдермен қатар, Қазақстан жаһандық «жасыл ауысуға» бейімделуі қажет. Бұл экономикалық дамуды стратегиялық тұрғыдан қайта қарауды, сонымен қатар қаржы және корпоративтік секторлардағы ESG-қағидаттарының қарқынды интеграциясын талап етеді. Бұл процесте қаржы секторы шешуші рөл атқарады. Ол капиталды орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін жобаларға бағыттайды және экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған экономикаға көшуге ықпал етеді.
ESG-реттеу саласында атқарылған ауқымды жұмысқа сүйене отырып, халықаралық инвесторлардың сенімін одан әрі арттыру үшін есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету, деректерді тәуелсіз верификациялауды енгізу, орнықты қаржыландыру нарығын дамыту және корпоративтік басқарудағы озық әлемдік тәжірибені ескеру маңызды. Бұл қадамдар ұзақ мерзімді капиталды тартып қана қоймай, елдің жаһандық қаржы нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
IFC басқарудың озық халықаралық стандарттарын енгізуге, орнықты қаржыландыру нарығын дамытуға және экологиялық және әлеуметтік жауапты жобаларға инвестициялар тартудың жаңа құралдарын жасауға көмектесу арқылы елде ESG-қағидаттарын ілгерілетуге белсенді түрде ықпал етеді.
Біздің ұйым жасыл облигациялар шығаруды қолдайды және ESG- құзыреттілігін арттыруға бағытталған бизнес пен қаржы секторына арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Біз еліміздің ESG-трансформациясын жеделдету және оның болашақта әлемдік экономикадағы орнын нығайту үшін осы бағыттарда қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
– Мәдина Ерасылқызы, ESG-күн тәртібін дамыту бөлігінде Агенттіктің қандай жоспарлары бар?
– Алдағы уақытта біз орнықты қаржыландыру жөніндегі кешенді стратегияны дамыту жұмысын жалғастырамыз. Ол үшін қаржы секторында орнықты практикаларды тиімді интеграциялау үшін жағдай жасауды негізге аламыз. Сонымен бірге бұл жұмыс S1 және S2 ХҚЕС халықаралық стандарттарына сәйкес орнықты даму және климаттың өзгеруі туралы ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқауды жаңартуды қамтиды. Бұл жаңарту климаттық тәуекелдерді басқаруды жақсартуға және қаржы секторындағы ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Сонымен қатар біздің жұмысымызда көміртекті есепке алу әдістемесін әзірлеу көзделген. Бұл көміртегі шығарындыларын дәлірек өлшеуге және басқаруға көмектеседі. Бұл қадам орнықты және экологиялық жауапты дамуды қолдау үшін маңызды, бұл біздің орнықты экономикаға жету жолындағы жалпы стратегиямызға сәйкес келеді.
Жалпы алғанда, біздің ESG-күн тәртібін дамытуға деген көзқарасымыз орнықты қаржылық практикалар мен ұзақ мерзімді экономикалық өсуге ықпал ететін инновациялық шешімдер арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Біз осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығын түсінеміз және қаржы секторы мен реттеушілердің бірлескен күш-жігерімен орнықты болашақ үшін жағдай жасауға болатынына сенімдіміз. Ол жағдайда экологиялық және әлеуметтік мақсаттар бизнес стратегиялар мен инвестициялық шешімдерге интеграцияланатын болады.
2025 жылғы наурыздан бастап коллекторлардың заң бұзғаны үшін айыппұл мөлшері екі есе артты деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА). Аталған шара борышкерлердің құқықтарын қорғау және коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу мақсатында енгізілді.
Агенттіктің мәлімдеуінше, коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін салынатын айыппұл 2 есе ұлғайды. Нақты айтқанда:
Ал коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін көбейді.
Коллекторлар қызметіне қатысты өзгерген талаптар бұл ғана емес. Енді коллекторлар борышкерлердің өтінішін тіркеу, әрбір өтініш бойынша қандай шаралар қабылданғанын көрсету, қарыз төлеу шарттарын өзгертуден бас тартса – себебін түсіндіруге міндетті.
Дереккөз: kz.kursiv.media
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттікте
жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
және оларды 2025 жылғы 1 тоқсандағы қарастырудың нәтижелері
Құжаттың атауы |
Түскен өтініштер |
Қаралғаны, оның ішінде алдыңғы есепті кезеңдерде |
олардың ішінде: |
Қаралуда |
||
Қанағаттандырылды және түсіндірулер берілді | бас тартылған, қысқартылған | Басқа ұйымдарға қайта жіберілді | ||||
Жеке тұлғалардың өтініштері және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері | 46 632 | 43 790 | 38 605 | 4 160 | 1 025 | 9 960 |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының 2025 жылғы екінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
Агенттік басшылығының аты-жөні | Лауазымы | Қабылдау күні | Жеке қабылдау өткізу уақыты |
Әбілқасымова М.Е. | Агенттік Төрағасы |
|
|
||||||
Әбдірахманов Н.А. | Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары |
|
|
||||||
Қизатов О.Т. | Агенттік Төрағасының орынбасары |
|
|
||||||
Хаджиева М.Ж. | Агенттік Төрағасының орынбасары |
|
|
||||||
Исмағұлова Ж.Ж. | Агенттік Аппаратының басшысы | Әр айдың бірінші жұмасы | сағат 11:00-12:00 аралығында |
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған" халық үніне құлақ асатын мемлекетті " қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай – ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде 2025 жылы 27 ақпанда сағат 15:00 те Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан азаматтарды кезекті қабылдау өтеді
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты-дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17: 00-ге дейін.
Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.
Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке хабарласуға болады:
• "1459" нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
• мобильді қосымша "𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆", оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000, 1459
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін
Кез келген адамның өмірінде қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керектігін білу маңызды. Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау – яғни, несие шартының талаптарын өзгерту қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы.
Қай кезде қайта несиені құрылымдауға болады?
Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:
Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.
Өтініш қалай беруге болады?
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.
Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?
Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:
Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?
Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:
Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған" халық үніне құлақ асатын мемлекетті " қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай – ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде 2025 жылы 29 қаңтарда сағат 15:00 те Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан азаматтарды кезекті қабылдау өтеді
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты-дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17: 00-ге дейін.
Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.
Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке хабарласуға болады:
• "1459" нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
• мобильді қосымша "𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆", оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000, 1459
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін