Көкшетау, Ақкөл, Аршалы, Есіл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аумақтық сайлау комиссияларының 2023 жылғы 5 шілдегі қаулыларына сәйкес, 2023 жылғы 13 тамызға келесі әкімдердің сайлауы тағайындалды:
Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округінің әкімі;
Ақкол ауданы Ақкөл қаласының әкімі;
Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімі;
Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімі;
Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімі;
Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімі;
Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімі;
Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімі.
Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.