Ақмола облысы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 

ҚАУЛЫСЫ

 

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1т. сәйкес Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылдың 13 тамызына Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылдың 13 тамызына тағайындалған тамызына Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.

 

Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 июля 2023