Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 баптың 8-1 тармағына, 113-1 бабтың 1 тармақ, 3 тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 13 тамызға Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Долгов
Комиссия хатшысы Д. Жетпісова
Ақкөл қаласы
5 шілде 2023 жыл
№15/302