2023 жылдың 23 сәуірінде 5 сайлау округі бойынша ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 3721 азамат енгізілді, оның ішінде 2754 (74,01%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге кандидаттар саны-15 адам.
Барлық 5 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 1 адам, өзін-өзі ұсыну арқылы -4 адам.
Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, БАҚ-та жарияланатын болады.