ХАБАРЛАМА

 

ХАБАРЛАМА

 

         2023 жылғы 23 сәуірде Жарқайың ауданының Отрадный ауылдық округінің әкімін Отрадный сайлау округі бойынша сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Отрадный ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы №498 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

 

Отрадный сайлау округі

Отрадный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 445 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 358. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 13.    

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Е.А.Багисовке – 32; Б.М.Есентаевқа – 286; А.Т.Сайдалинаға– 25.

         Отрадный ауылдық округінің әкімі болып Есентаев Бейбіт Мырзалыұлы, 1987 жылы туған, Отрадный ауылының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
24 апреля 2023