ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 23 сәуірде Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1465 азамат енгізілді, олардың 894 қатысты. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 27, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 35.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Беген Серікжан Сергейұлы – 493

Біркенов Самат Ғазизұлы – 147

Жүнісов Аслан Омарбекұлы – 192

Нұресіл ауылдық округінің әкімі болып Беген Серікжан Сергейұлы сайланды, 1980 жылы туған, «СМЭУ-Астана» ЖШС бағдаршам шаруашылығы құрылысы және қызмет көрсету бөлімінің апаттық қызмет көрсету және құрылыс бөлімшесінің инженері, Ақмола облысы Целиноград ауданы Нұресіл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

                                                Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
24 апреля 2023