Біржан сал ауданы Заозерный әкімінің аппараты ауылдың даму мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Заозерный ауылы Степняк қаласының аудан орталығынан солтүстік - шығысқа қарай 53 км жерде Біржан сал ауданының аумағында орналасқан. Ауылда Степняк қаласымен, жақын маңдағы басқа елді мекендермен (Краснофлот, Невский, Андықожа батыр ауылдары) – грейдерлік жолдармен байланыстыратын автомобиль асфальтталған жолдары бар. Ауылдың астанасы – Астана қаласымен жолаушылар теміржол қатынасы бар (айына 2 рет – жолаушылар қатынасы, қалған күндері – жүк қатынасы).
Орналасқан жері: | Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заозерный ауылы Микрорайон көшесі |
Жұмыс телефоны: | 8 (71639) 2-55-55 |
электронды адрес: | zaozerka.akimat@mail.ru |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған