Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын табысты жүзеге асыруда халықаралық ынтымақтастық басты рөл атқарады.

Агенттік бұл салада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ), Еуропа Кеңесімен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ), сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың халықаралық қауымдастығымен (IAACA) тығыз байланыста жұмыс істейді,.

Қазақстан халықаралық әріптестерден техникалық және сараптамалық қолдауды белсенді түрде тартуда.

Еуропа және АҚШ елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы берік әріптестікпен қатар Агенттік Қытаймен,
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен, сондай-ақ араб және Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мүшелері болып табылатын түркі әлемінің елдерімен жан-жақты және белсенді өзара іс-қимылды дамытуда.

Қазақстанның мақсаты негізгі бағдарламалық құжат –
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын (02.02.2022 ж. Жарлық) басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қарқынды дамыту болып табылады. Бұл құжат белгілі бір кезеңдегі ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындайтын стратегиялық бағдар болып табылады.

Тұжырымдаманы дайындау кезінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО), ЭЫДҰ және Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі топтың (ФАТФ) ұсынымдарын қоса алғанда, үздік шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттар ескерілді. Бұл стратегияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаһандық тәжірибесіне сәйкес келуіне кепілдік береді.

Осы күш-жігердің арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық стандарттарға сәйкес болуға ғана емес, сонымен қатар оның ашықтығы мен айқындығын растай отырып, халықаралық инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылуда.

 

ЭЫДҰ СЖҚЖ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі, сондай-ақ Парасаттылыққа шолу шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) белсенді ынтымақтасады. ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің мүшесі ретінде Агенттік оның қызметіне белсенді түрде қатысады.

Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына (ЫІЖ) сәйкес, Агенттік мониторингтің төрт кезеңін сәтті аяқтады және қазіргі уақытта бесінші раундтан өтуде.

Осымен қатар, Агенттік ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларына белсенді түрде қатысып, Парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобына қосылуға, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Шетелдік лауазымды тұлғалардың парақорлығына қарсы күрес жөніндегі конвенциясына қосылуға ұмтылады.

 

БҰҰ

Қазақстан 2008 жылы 4 мамырда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) қосылып, Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттеме алды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция шеңберінде Никарагуаға сараптама жүргізуде, ал Қытай мен Филиппин жүргізіп жатқан Қазақстанға шолу соңғы сатысында. Одан басқа, Агенттік Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция шеңберінде сараптама жүргізуге жәрдемдесуде.

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы БҰҰ ЕҚБ Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңесшісімен ынтымақтастық шеңберінде, Агенттік өз қызметкерлері үшін мамандандырылған оқыту курстарын ұйымдастырды.

2023 жылды қарашасда БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін жеделдетіп енгізу бойынша Аймақтық платформа іске қосылды.

Бұл платформа БҰҰ ЕҚБ Аймақтық кеңсесі жанындағы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының бірлескен жұмысы, ортақ міндеттерді айқындау және оларды жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң ретінде әрекет ететін болады.

Платформаның одан әрі жұмысын регламеттейтін Қағидаттар, Жол картасы және 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сияқты негізгі құжаттар келісілді.

2024 жылы қазанда Қазақстанда Платформаға қатысушы елдердің аймақтық конференциясын өткізу жоспарлануда.

 

ГРЕКО

2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы
1999 жылы Еуропа Кеңесімен мүше елдерге сыбайлас жемқорлықпен күресу тетіктерін жетілдіруге көмектесу үшін құрылған халықаралық ұйым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) толыққанды мүшесі болды.

Қазіргі уақытта ГРЕКО құрамына Еуропаның 46 мемлекеті (Ресей Федерациясы мен Беларусь мүшелігі тоқтатылған), сондай-ақ АҚШ және Азияның жалғыз өкілі болып табылатын Қазақстан кіреді. Ұйымға, сондай-ақ бұрынғы КСРО елдерінен Грузия, Армения, Әзірбайжан және Балтық жағалауы елдері де кіреді.

Жұмыс өзара бағалау қағидатына негізделген.

Жалпы бағалау әр қатысушы елдің бағалаушылары мен ГРЕКО хатшылығының мүшелерінен тұратын топтың елге баруымен
5 тақырыптық раундта қалыптасады (ақпарат жинаудан бастап бағаланатын елдің есебіне дейін).

2021 жылы бағалаудың алғашқы екі кезеңі аяқталды, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған 27 ұсыным әзірленді. Бұл ұсынымдар 2022 жылғы наурызда ГРЕКО-ның пленарлық отырысында мақұлданды.

Бағалаудың 1 және 2-раундтарының ұсынымдарын орындау туралы есеп 2024 жылы наурызда өткен Еуропа Кеңесінің ГРЕКО 96-пленарлық отырысында мақұлданды. Ұсынылған баяндамадан 4 ұсыным толық көлемде сәтті орындалды, ал 21 ұсыныс жартылай орындалды.

Сондай-ақ қазір Қазақстанға қатысты ГРЕКО бағалауының үшінші кезеңі басталғаны атап өтілді. Үшінші раунд сыбайлас жемқорлық әрекеттерін қылмыс деп тану және саяси партияларды қаржыландырудың айқындығы сияқты мәселелерді бағалауды қамтиды.

 

Екіжақты ынтымақтастық

Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа белсенді түрде қатысады, тәжірибе алмасу, оқыту және құқықтық көмек көрсету арқылы әлемнің әртүрлі елдерімен және ұйымдарымен әріптестікті нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылады.

Қазіргі сәтте Агенттік шет елдік органдармен және ұйымдармен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы 13 меморандум жасасты.

2023 жылы қазан айында Парижге сапар барысында Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Изабель Гегосо ханыммен кездесу өтті, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес саласында 2022 жылы қараша айында Агенттік пен Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында бұрын қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде сыбайлас жемқорлықты барынша азайту үдерістерін автоматтандыруды, компаниялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті және лауазымды тұлғалардың адалдығын тексеру сияқты алдын алу шаралары бойынша тәжірибе алмасуды қоса алғанда, болашақ бірлескен жобалар талқыланды.

Тәжікстан мемлекеті басшысының Қазақстанға сапары барысында Агенттік пен Тәжікстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға, ал 2023 жылы 18 мамырда Алматы қаласында Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз ұйымымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 12-15 ақпан аралығындағы Катарға мемлекеттік сапары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүдделі органдар арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Маңызды оқиғалардың бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің 2024 жылғы 21 ақпанда Мәскеуде өткен Ресей Федерациясының Бас прокурорымен жұмыс кездесуі болды. Кездесу нәтижесінде ведомстволар арасында өзара іс-қимылды күшейтуге және өзара техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) 8-симпозиумы шеңберінде Агенттік пен Комиссия арасында кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде тренингтер өткізуді қамтитын Өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Агенттік сонымен қатар, БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының тиімді жүзеге асырылуына жәрдемдесуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарға көмек көрсетуге уәкілетті тәуелсіз және саяси емес ұйым болып табылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың халықаралық қауымдастығына (IAACA) ресми түрде қосылды. 170-тен астам ел IAACA-ның әртүрлі бастамаларына мүше немесе қатысады.

2024 жылғы 29 мамыр және 1 маусым аралығында Агенттік делегациясының Баку қаласына ресми сапары өтті, оның барысында Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығымен кездесу өтті. Кездесуде жедел ақпарат алмасу және трансұлттық сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сапар нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл бастамалардың барлығы халықаралық байланыстарды нығайтуға және сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге бағытталған.

Документы
Ақпарат
06 сентября 2024
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі
ГРЕКО бағалауының 1-ші және 2-ші раундтарының ұсынымдарын орындау нәтижелері туралы Қазақстанның есебі
Заң
04 мая 2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы
Ақпарат
14 декабря 2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы і-қимыл агенттігінің Төрағасы О.Бектеновтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі халықаралық стандарттар және шаралар» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференциясындағы баяндамасы
Новости
Полезные материалы
"Парасаттылық жолында: айқындылықты, есеп берушілікті және қоғамдық қатысуды арттыру" Онлайн конференцияның бағдарламасы
Жапонияның ұлттық кадр агенттігі (NPA)
«Қазақстан халықаралық рейтингтерде» аналитикалық анықтамасы
Медиагалерея
1
VI Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция
10
V Жылсайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция
События
08 декабря
"Парасаттылық жолында: айқындылықты, есеп берушілікті және қоғамдық қатысуды арттыру" тақырыбындағы онлайн конференция
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Telegram
Facebook
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты