Лого
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Өкілдік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
25 августа 2025
Алматыда 26 тамыздан 30 тамызға дейін Пушкин көшесіндегі учаскелердің бірінде қозғалыс шектеледі

Алматыда 1986 жылы пайдалануға берілген құбыр желісінің жөнделуіне байланысты Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

26 тамызда сағат 09:00-ден 30 тамызда сағат 19:00-ге дейін Алматыда Пушкин көшесінде Райымбек даңғылынан Токмакская көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде 1986 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-каналында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«Алматы жылу желілері» ЖШС

Қоғамдық көлік
Спорт
25 августа 2025
Алматыда «Қайрат» – «Селтик» матчының жанкүйерлеріне тегін автобустар ұйымдастырылады


2025 жылғы 26 тамызда сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матч өтеді. «Қайрат» (Алматы) пен «Селтик» (Глазго) командалары Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жолдама үшін бақ сынайды. Жеңілген команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады. 21 тамызда Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында өткен алғашқы ойын тең есеппен аяқталған еді. Сол себепті алдағы кездесу шешуші әрі тартысты болмақ.

Жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды ұйымдастыру шаралары көзделген:
* Ұлттық гвардияны қосқанда 2000-нан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылады;
* жоғары жылдамдықты интернетке қосылу, резервтік электрмен жабдықтау, медициналық кезекшілік, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық шаралар.
Жанкүйерлер үшін қаланың негізгі нүктелерінен Орталық стадионға дейін және кері қарай тегін автобус маршруттары ұйымдастырылған:
* Қалқаман ш/а (№7 қалалық аурухана аялдамасы) - Орталық стадион.
* Орбита ш/а (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
* Айнабұлақ ш/а (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
* «Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт) - Орталық стадион.
* Алматы-1 теміржол вокзалының аялдамасы - Орталық стадион.
* Алматы-2 теміржол вокзалының аялдамасы-Орталық стадион.
* Наурызбай ауданының ХҚКО - Орталық стадион.
* Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы жанындағы аялдама.

Көлік бағыттары сағат 18:00-де басталады.
Стадион 18:45-те ашылады.

Барлық футбол жанкүйерлерін команданы қолдауға және тарихи оқиғаның жанкүйері болуға шақырамыз!

Қала шаруашылығы
25 августа 2025
Алматы әкімдігінде көше қозғалысының ашылу мерзімі жарияланды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды инженерлік желілердің құрылысы және қаланың жүйелері мен инфрақұрылым нысандарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету іс-шаралары қаралды. Су және энергетика басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай су құбыры мен кәріз желілеріндегі жөндеу жұмыстары туралы баяндады.

«25 тамыздан бастап Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Сәтпаев – Байтұрсынұлы, Бұқар жырау – Марков және Бекмаханов көшелерінде көлік қозғалысы ашылды. 1 қыркүйекке дейін Лавренев пен Ғабдуллин көшелерінде қозғалыс қайта жанданады. Ал Жамбыл және Жароков көшелерінде қозғалыс 7 қыркүйекке дейін ашылады», – деді Нұрбақыт Серікбай.

Сонымен қатар кеңесте «Тамарикс», «Сакура» және «Алтын Сити» тұрғын үй кешендеріндегі мәселелер қаралды. Бұл жерде құрылыс компанияларымен бірлесіп жылу қазандықтарын іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды иесіз модульдік қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, жауапты мекемелердің болмауы жылумен қамтуда ақауларға әкелмеуі тиіс.

Бұдан бөлек, мердігер ұйымдармен өзара жұмыс мәселелері талқыланды. Әкім қазылған жерлердегі жол жабындысын қысқа мерзімде қалпына келтіруді міндеттеді.

Кеңес қорытындысында Дархан Сатыбалды күзгі-қысқы кезеңге дайындық — әкімдіктің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Барлық іс-шаралардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Экология
25 августа 2025
ХҚБ бағдарламасының арқасында Алатау ауданында көпшілік демалатын орындар пайда болады

2025 жылдың сәуір айында Алатау ауданы әкімінің аппараты  Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстарын бастаған еді. Жоба аясында мынадай жұмыстар орындалды: бейімделген өсімдіктерді қолдана отырып, аумақты көгалдандыру, кешкі уақытта жайлы және қауіпсіз болуды қамтамасыз ету үшін көше жарығын орнату; қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізу үшін амфитеатр салу, ауданның  рухы мен мәдени ерекшелігін көрсететін арт-объектілерді монтаждау; гранитті баспалдақ, гранитті парапет қосылған абаттандыру элементтерін төсеу, тас кілем.

Жобаны іске асыру барысында табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалау аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды. Барлық жұмыстар тұрақты даму қағидаттары мен табиғатты қорғау нормаларын сақтай отырып орындалады.

Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, экологиялық таза және қауіпсіз демалыс аймағын құруға, сондай-ақ ландшафттық және мәдени дизайн элементтері бар заманауи қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған жобаға жергілікті тұрғындар оң бағасын берді. Аудан тұрғыны Айнагүл Шалова өткен жылы бұл аймақты қалың шөп басып, шаң көтерілгенін, қазір аумақтың танымастай  өзгергенін айтты,

Мен көршілеріммен бірге осы аумақты абаттандыру мәселесін бірнеше рет көтеріп, оны жергілікті чатта талқыладым. Оны суретке түсіріп,  "Балалармен қайда жүруге болады" деген сұрақпен әкімдікке жібердік? Уақыт өте келе  Алатау ауданының әкімдігі  біздің өтінішімізге назар аударды.

Бұрын үш немереммен біз өзге жердегі саябақ аймақтарына  қиналып баратынбыз. Енді демалыс орны өзімізде бар. Балалар велосипедтер мен скутерлерде серуендейді, әртүрлі карусельдік әткеншектерде көңіл көтереді, барлық жағдайлар жасалған. Орнатылған жарық шамдары кешке қарай ұзақ  серуендеуге мүмкіндік береді. Біз ризамыз", - деді  аудан тұрғыны.

Айта кетейік, Алатау ауданында тағы бір жоба жүзеге асырылды.

2025 жылдың сәуір айында Алатау ауданы әкімінің аппараты мердігер ұйыммен - "Жақсылық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп,  Саялы - 2 шағынауданындағы  Арқалық көшесіндегі скверді абаттандыру жұмыстарын бастаған болатын. Абаттандырылған аумақтың жалпы ауданы 6000 шаршы метрді құрады.

Жобаның негізгі мақсаты халықтың барлық санаттарына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт азаматтарға және балалары бар отбасыларға қолжетімді жайлы, экологиялық таза және қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру болды. Алаң аудан тұрғындары үшін ашық ауада демалу және демалыс мәдениетін дамытуға ықпал ететін жаңа демалыс нүктесі болуға арналған.

Абаттандыру аясында аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, көше жарығы  және арт-объектілер, киіз үй және "ақ орындық" орнатылды, бұлардың барлығы тыныштық, мейірімділік пен өзара түсіністік белгісне айналды. Барлық жұмыстар заманауи абаттандыру талаптарын, қолжетімді ортаны және қалалық ортаның тұрақты дамуын ескере отырып жүргізілді.

Сәуле Еркебаева - жобаның авторлары мен бастамашыларының бірі. Ол Саялы-2 шағынауданы |Арқалық көшесіндегі өзгерістерге Алатау ауданының билігін тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

- Мен жергілікті ОСИ-дің өкілімін және бізде негізінен балалар ойнайтын орындар бар Бірақ көршілер, олардың арасында қарттар мен мүгедектер маған: "Біз демалатын орын болса ғой» деп сауал тастады. Кейін пікірлес азаматпен  бірге екеуміз Алатау ауданының әкімдігіне жүгіндік. Өйткені, біз «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын білетінбіз. Сол жобаны негізге алып, аумақты абаттандыруды ұсындық. Бұрын  бұл аумақ иесіз жатты, кейін стихиялық автотұраққа айналды.  Мердігерлер мен аудан әкімінің, талқылаулар мен кеңестердің арқасында  жаяу серуендеуге болатын демалыс аумағы пайда болды. Қарт адамдар да, отбасы мүшелері де, мүмкіндігі шектеулі адамдар  да мұнда жақсы серуендеп, демалады. Ең бастысы, біздің тұрғылықты жерімізге жақын.

Раушан - Саялы шағын ауданының тұрғыны, күн сайын демалыс аймағына барады әрі оған  көрнекі өзгерістер өте ұнайды:

 – Маған киіз үйдің дизайны өте ұнайды, заманауи және сонымен бірге этно-стильде жасалған. Серуендейтін аймақтың пайда болғанына қуаныштымыз.  Мұнда  кешке қарай  шамдар жарқырап жанып тұрады,бұл ең алдымен біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Біз ауданның  көркейіп, дамып жатқанына ризамыз!

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
25 августа 2025
Суық суды уақытша өшіру

Алматы қаласында сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған сумен жабдықтау нысандарын қайта жаңарту жөніндегі жоспарлы іс-шараларды іске асыру жалғасуда.
Аталған жұмыстар шеңберінде ШЖҚ "Алматы Су" МКК сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыруды жүргізеді.
Осыған байланысты 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлігіндегі
көшелер контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

- Абай даңғылы-Саин көшесі-Шаляпин көшесі-Әшімов көшесі;

- Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Жандосов көшесі-Яссауи көшесі;

– Жандосов көшесі-Үлкен Алматы өзені-әл – Фараби даңғылы-Саин көшесі;

- Жандосов көшесі-Саин көшесі-Асқаров көшесі-Қарғалы өзені.

-Дулати көшесі, Хан Тәңірі шағын ауданы.
Жұмыстарды орындау кезеңінде шектеулер енгізілетін Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы аймақтарында қысымның төмендеуі күтілуде.
"Алматы Су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігінен туындаған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне 274-66-66 хабарласуға болады.

Ветеринария
25 августа 2025
Алматыда пилоттық жоба аясында 200-ден астам жануарға шұғыл ветеринарлық көмек көрсетілді

Алматыда іске қосылған арнайы мобильді бригадалар 200-ден астам жануарға шұғыл ветеринарлық көмек көрсетті. Жобаны Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының «Алматы ветеринарлық қызметі» қолға алған.

Бұл қызмет биыл 18 ақпанда басталды. Құрамында тәулік бойы жұмыс істейтін екі мобильді бригада бар. Олар қиын жағдайда қалған жануарларға алғашқы көмек көрсетіп, бұрын босатылған жануарларға құтыруға қарсы қайта екпе егумен айналысады.

Осы уақытқа дейін 223 жануарға көмек көрсетілді. Оның ішінде 154 ит, 64 мысық, бір есек, бір жылқы, екі елік және бір үкі бар. Сонымен қатар 1 259 итке қайта екпе егілді.

158 жануар сауығып, өз мекеніне қайтарылды. Ал екі елік Алматы зообағына берілді.

Мамандардың айтуынша, жануарлардың жағдайын үнемі бақылау – олардың қауіпсіздігін арттырып, түрлі аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық көлік
25 августа 2025
Алматыда көлік саласындағы стратегиялық жобалар талқыланды


Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында LRT, метро, BRT желілерінің құрылысы, сондай-ақ радиалды және магистральды жолдарды жүргізу жобалары қаралды.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, қазір ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жобаға сәйкес, Алатау ауданындағы индустриалды аймақта депо салынып, ол «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жалғасады. Сондай-ақ Наурызбай ауданындағы «Барлық» базарымен және Құлжа тас жолы бойындағы «Шығыс» торабымен байланыс орнатылады. ТЭН қазан айында аяқталып, одан кейін EPC шарты аясында жобалау, құрылыс және жабдық сатып алу бойынша мердігер анықталады.

Метро құрылысына қатысты әкімге мынадай мәлімет берілді: қазіргі желіні «Қалқаман» метро бекетінен «Барлық» базарына дейін ұзартуға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бұл учаскеде 3 жаңа бекет қарастырылған. Құрылысты мемлекеттік сараптама қорытындысынан кейін бастау жоспарланған. Бұған қоса, «Жібек Жолы» метро бекетінен әуежайға дейінгі екінші желінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Ол да қазан айында дайын болады. Ал үшінші желі «Сайран» метро бекетінен Алатау қаласына дейін созылып, бұл бағыт бойынша да құжаттама әзірленуде.


«Қоғамдық көлікті дамыту – қала үшін басты басымдық. LRT, метро, BRT – стратегиялық жобалар. Олар сәтті жүзеге асса, қала тұрғындарының қозғалыс мүмкіндігі артып, экология жақсарады, демек өмір сапасы да көтеріледі. Біз жұмысты жеделдетуіміз керек. Әр күн қымбат. Сондықтан жобалау кезеңінен бастап пайдалануға берілгенге дейін барлық жұмысты өз бақылауыма аламын», – деді Дархан Сатыбалды.

Кеңесте Жібек Жолы – Райымбек батыр көшелерінде салынып жатқан BRT желісі, «Алматы-3» теміржол вокзалының құрылысына дайындық барысы және магистральды әрі радиалды көшелерді жүргізу жұмыстары баяндалды. Сондай-ақ Алғабас, Шұғыла, Ақжар, Боралдай, Жас-Қанат, Рахат-Мәдениет, Теректі ықшам аудандарында жол салу мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысында Алматы әкімі барлық жобалардың мерзімін қатаң сақтауды, құрылыс пен жобалауда сапаны қамтамасыз етуді тапсырды. Әр жоба бойынша нақты мерзімі мен жауапты орындаушылары көрсетілген жол картасын әзірлеу жүктелді.

Экология
25 августа 2025
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында Медеу ауданы жаңа келбетке ие болып келеді

2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдан бері қаржыландыру 2,6 есеге артты. Осы кезеңде жалпы құны 39,1 млрд теңгені құрайтын 938 жоба іске асырылды.

Медеу ауданы бағдарламаның белсенді қатысушысы – өткен жылы ауданда «Халық қатысатын бюджет» қаржыландыруы 25%-ға өсіп, 1,6 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге жетті.

«Бұл аулада «Халық қатысатын бюджет»и бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында кіші архитектуралық нысандар орнатылып, футбол алаңы салынды. Ауланың айналасына жасыл желек отырғызылып, автоматты суару жүйесі қойылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін резеңке жабынды төселді.

Жобаның бастамашысы – осы ауданның тұрғындары. Олар эскиздік жобаны әзірлеп, бағдарламаға қатысуға өтінім берген. Бұл аулада 20 жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан тұрғындар өз мүлкіне ұқыппен қарайды», – деді Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманы Алмас Серіков.

Айта кетейік, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асырылды.

«Ауламызда жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде басталды. Бұған дейін өз күшімізбен абаттандыруға тырысып, ағаш отырғызғанбыз. Ол кезде ауламыз қараусыз, топырағы қопарылып жатқан еді. Аудан әкімдігіне үлкен алғыс айтамыз, көп көмектесті. Арнайы бағдарламаға қатысып, тұрғындарымыз да қолдау көрсетті. Енді бәріміз риза болып отырмыз. Әрине, ауа райына байланысты жұмыстар сәл созылды, бірақ негізгі шаруа былтыр аяқталды. Қазір ауламызда балалар мен спорт алаңы бар. Сондай-ақ, балалар туған күндерін атап өтетін орындық қойылған күрке орнатылды», – деді ауланың басқарушысы Евгений Закржевский.

«Мұндай абаттандырылған ауланың болғанына бәріміз өте қуаныштымыз. Себебі тұрғындардың барлығы бұл іске мүдделі болды. Жоба әзірлеу кезінде әрқайсысы өз үлесін қосты. Аудан әкімдігінің қолдауымен осындай әсем аулаға қол жеткіздік. Үлкен еңбегі үшін ауламыздың басқарушысы Евгенийге алғыс айтамыз. Ол әрқашан тазалық пен тәртіпті қадағалап жүреді. Қазір автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұрын Евгений ағаштар мен гүлдерді суару үшін шелекпен су таситын», – деді аула тұрғыны Гүлзара Мұқатаева.

 

Айта кетейік, қаржыландыру көлемінің артуы және тұрғындардың белсенді қатысуы (2023 жылы дауыс беру 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсті) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін көрсетеді.

«Мен бұл аулада 1972 жылдан, үй салынған кезден бері тұрамын. Шынымды айтсам, бүгінгі көрініске соңғы жылдары ғана қол жеткіздік. Ауланың абаттандырылуы – балаларға қуаныш сыйлаған қос алаңның пайда болуы. Күн сайын олардың ойнап жүргенін көремін. Барлығы сапалы жасалған. Ал футбол алаңы нағыз тартылыс орнына айналды – көршілердің бірі балаларды тегін жаттықтырады.

Бұл – тұрғындардың еңбегі. Өйткені олар жобалау мен келісу жұмыстарына белсенді қатысты. Аудан әкімдігіне де алғыс айтамын, бюджет бөліп, мердігерді анықтап берді. Әсіресе, әр процесті қадағалап отырған Евгенийге ризашылығымды білдіремін», – деді аула тұрғыны Асқар Ибраев.

Медеу ауданындағы ХҚБ – қала тұрғындары мен билік арасындағы диалогтың жарқын үлгісі. Қаржыландырудың артуы мен нақты жобалардың жүзеге асуы (мысалы, Барибаев–Гоголь көшелерінің қиылысындағы жұмыстар) аула мен қоғамдық кеңістіктің жайлылығы мен қауіпсіздігі тұрғындар бастамасының нәтижесіне айналып отырғанын көрсетеді. Бағдарлама қаланың жанданып, абаттандырылған ортаға айналуына ықпал етуде.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы мегаполисті көркейту ісінде билік пен халықтың серіктестігінің нақты үлгісіне айналды. Мәселен, Алатау ауданындағы Қарасу шағынауданында Бағаналы орда көшесінің бойында жақында ашылған саябақ бүгінде маңайдағы тұрғындардың бас қосатын сүйікті орнына айналды.

Экология
25 августа 2025
Алматы әкімі 1 қыркүйекке дейін қаланы жан-жақты дайындауды тапсырды

Алматы әкімі Дәрхан Сатыбалды республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Мирас Гайсин қураған ағаштарды жою, қаланы санитарлық тазалау және жасыл желектерді қырқу жұмыстары жөнінде баяндады. Әкімнің тапсырмасымен мониторингтік топтар құрылып, олар әсіресе мектептер мен балабақшалардың маңындағы ағаштардың жай-күйін тексеруде.

Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов білім беру ұйымдарының аумақтарындағы санитарлық қырқу жұмыстары және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен өткізілетін экологиялық акциялар туралы айтты.

Дәрхан Сатыбалды 1 қыркүйекке дейін барлық қазылған жерлерді қалпына келтіріп, ағаштарды санитарлық қырқудан өткізіп, аулаларды абаттандырып, көшелер мен әлеуметтік нысандарда тазалықты қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Алматы оқушыларды таза әрі жасыл қала болып қарсы алуы маңызды. Әрбір нысан – мектеп, балабақша, емхана – бірізді тәртіппен, жарығы дұрыс жұмыс істеп тұруы және жағдайы тұрақты бақылауда болуы қажет», – деді қала әкімі.

Әлеуметтік сала
22 августа 2025
Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың қайта жаңғырту жұмыстары басталады

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Алдағы күндері мердігер ұйым ғимарат аумағы бойымен қоршау орнатады. Қала әкімдігінде хабарлағандай, барлық жұмыстар медициналық қызметтің көлемін қысқартпай жүргізіледі.

Құрылыс басқармасында хабарлағандай, алғашқы кезеңде 11 блоктың 5-ін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл жұмыстардың нормативтік мерзімі – 20 ай. Аурухананың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жөндеу кезеңінде ота жасау бөлімі мен жансақтау залы уақытша көшіріледі, мекеменің штаттық құрамы өзгермейді.

Қайта жаңғырту қажеттілігі инженерлік желілердің 90%-ға, көтергіш конструкциялардың 60%-ға, қасбеттердің 70%-ға тозуымен байланысты. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, желдету, гидрооқшаулау жүйелері мен жедел сатылар талаптарға сәйкес келмейді, медициналық жабдықтар да ескірген.

Жоба аясында ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан нығайту, инженерлік коммуникацияларды, қасбетті, желдету жүйесін, трансформаторлық қосалқыларды ауыстыру, қазандық орнату көзделген. Сонымен бірге аурухананың пайдалы аумағы 2,5 мың шаршы метрге ұлғайып, бөлімшелер функционалды түрде қайта бөлінеді және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталады.

«Қазіргі таңда бөлімдер әр блок пен қабатқа шашырап орналасқан, бұл логистиканы қиындатады. Жобаға сәйкес бірінші қабат аурухананың фронт-офисіне айналып, әкімшілік пен амбулаториялық онкогематология бөлімшесіне бөлек кіреберістер қарастырылады. Сондай-ақ бірінші қабатта күту аймағы, тіркеу орны мен клиникалық-диагностикалық орталық орналасады. Ал қоймалар, архив және басқа да қосалқы бөлмелер цокольге көшіріледі. Осылайша науқастар мен қызметкерлер ағыны қиылыспай, пациенттер мен дәрігерлер үшін қолайлы әрі түсінікті орта қалыптасады. Құрылыс жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтарға қала тұрғындарының түсіністікпен қарауын сұраймыз», – деп атап өтті Құрылыс басқармасы.

Социальные сети
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты