"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын "Мерейлі отбасы"ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қалалық комиссияға 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін беріледі.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Біріншісі-қалалық кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).

Екінші-облыстық кезең (1 шілдеден 15 шілдеге дейін).

Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі Астана қаласында қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушылар-Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар, Абай облысының ішкі саясат басқармасы.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына нөмірлерге жүгіне аласыз +7 705 155 85 18.

ЕРЕЖЕСІ «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы ӨТІНІМ