ЖШС қалай ашуға болады

Жүктеу

ХҚКО арқылы ЖШС қалай тіркеуге болады

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын ЗТ тіркеу үшін:

  • толтырылған өтініш;
  • банктік шот ашу және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынасына кірмей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) беріледі.

Сондай-ақ тіркеу үшін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат ұсынылады.

ЗТ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Анықтамада оның берілген күні, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары мен құрылтайшылары туралы мәліметтер болады.

Жаңарту күні: Көру саны:10587
  1. ХҚКО арқылы ЖШС қалай тіркеуге болады