Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін қойылатын шарттар мен талаптар

Инструкция

Сіз ғимараттың сыртына орналастырғыңыз келетін ақпарат егер жарнамалық сипатта болса, яғни  тауарды сатып алуға, жұмыс немесе қызметке шақыратын сипатта болған жағдайда  жарнамаға рұқсат алу қажет болады. Бағасын, мекенжайын, электрондық поштасын, сайт және телефонның байланыс нөмірлерін көрсету жарнама деп  танылады.

Маңдайша жазуында, сөрелер мен терезелердің ішкі ресімделуінде, жұмыс режимі туралы ақпаратта ерекшелік болады.

Жарнама екі тілде болуы тиіс: мемлекеттік және орыс тілдерінде. Мәтіндер келесі тәртіпте орналастырылады: сол жақ немесе жоғарыда - мемлекеттік тілде,   оң жақ немесе төменде – орыс тілінде, әріп көлемі бойынша бірдей жазылады. 

Егер Сіз жарнамалап отырған қызмет лицензиялауға жататын болса,  онда лицензияның нөмірі мен берілген күнін және осы лицензияны қай орган бергенін  көрсету қажет.

Қандай жарнамаға тыйым салынады?

Емшек сүтін алмастырғыштар, электрондық казино, интернет-казино,   темекі және темекі өнімдері, этиль спирті мен алкоголь өнімдері, қаржы (инвестициялық) пирамида қызметі туралы жарнамаға тыйым салынады.

Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға,сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де
әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.

Жарнама:

жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуі;

көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауы;

жол белгiлерiне және нұсқағыштарға ұқсас болмауы, олардың көрiнуiн немесе қабылдау тиiмдiлiгiн нашарлатпауы;

жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауы;

жол белгісінде, оның тірегі немесе қозғалысты реттеуге арналған кез келген басқа құрылғыда орналаспауы;

жол қозғалысын реттеу құралдарын көруді нашарлатпауы немесе олардың тиімділігін төмендетпеуі;

ішкі және сыртқы жарықтандыруда жол белгілерінің фотометриялық сипаттарынан жоғары бейнелеу бөлшектерінің жарықтығына ие болмауы;

жасанды жарықтандыруы жоқ жол белгілері бар жолдардың учаскелерінде тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырмауы;

көлік айналымы, автомобиль жолдарының қиылыстары мен қосылу, теміржол өтпелері мен жасанды құрылыстар көрінетін есептік қашықтықтан жақын аймақта орналаспауы тиіс.

Жосықсыз, өтірік, көрінеу жалған, жасырын, әдепсіз жарнамаға тыйым салынады.

Мәдениет және тарих, өнер ескерткіштеріне, мемлекеттік мекемелерде Жарнама орналастырылуға жол берілмейді.

Дата обновления - 28.12.2021
Справочная информация
«Жарнама туралы» ҚР Заңы
367