Қазақстанда сыртқы жарнаманы қалай орналастыруға болады

Жүктеу

Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны қалай жіберуге болады

Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны қалай жіберуге болады

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11-бабында көзделген жағдайларда сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жасау тәртібімен орналастырылады.

Хабарлама қайда жіберіледі

Хабарламаны жарнама таратушы тиісті жергілікті атқарушы органға жібереді:

  • астананың, республикалық немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімдігіне — тиісті аумақта жарнама орналастырылған кезде;

  • аудан әкімдігіне — аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және өзге де аумақтар үшін заңнамада көзделген жағдайларда.

Хабарлама жіберу тәртібі

  1. Сыртқы жарнаманың орналастырылатын орнын және болжамды мерзімін анықтаңыз.

  2. Жарнаманың сипаттамасы мен эскиздерін дайындаңыз.

  3. Жарнаманы орналастыру орны мен мерзімі туралы мәліметтердің белгіленген нысанын толтырыңыз.

  4. Егер заңнамада мұндай төлем көзделсе, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеңіз.

  5. Төлем жасалғанын растайтын құжатты дайындаңыз.

  6. Хабарламаны белгіленген тәсілмен тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіңіз.

Хабарлама жіберу мерзімі: жарнаманы орналастырудың болжамды күніне дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын.

Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • жарнаманы орналастыру орны мен мерзімі туралы мәліметтер нысаны;

  • бірінші ай үшін төлем жасалғанын растайтын құжат;

  • эскиздері қоса берілген жарнаманың сипаттамасы.

Жергілікті атқарушы орган ұсынылған материалдарға қатысты дәлелді ескертулер жіберуге құқылы. Мұндай жағдайда жарнаманы орналастыруға ескертулер жойылғаннан кейін жол беріледі.

Егер хабарлама алынған күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде жауап келіп түспесе, жарнама таратушы заңнаманың өзге де талаптарын сақтай отырып, жарнаманы мәлімделген мерзімдерде орналастыруға құқылы.

Жаңарту күні: Көру саны:68
  1. Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны қалай жіберуге болады