Автомобильді сатып алу – бұл бюджетті анықтау және автокөлік түрін яғни қолданылған немесе жаңа, сондай-ақ қажетті бірқатар нақты модельдер түрін.таңдаудан басталатын өте жауапты процесс.
Автокөлікті таңдау кезінде міндетті түрде оны мұқият қарап шығыңыз, сыртынан көрінбейтін қандай да бір кемшіліктер туралы айта алатын мамандармен бірге қараған жөн. Сондай-ақ, міндетті түрде тест-драйв өтіңіз және Сатушымен келісім бойынша автосервисте автомобильдің компьютерлік диагностикасын өтіңіз.
Келісім жасалғанға дейін, ұсталған автокөлікті сатып алған жағдайда, автомобиль тарихы, айыппұлдар, салық және ауыртпалықтар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат жинауға тырысыңыз.
Сіз авто тарихының «тазалығына» көз жеткізгеннен кейін, мәмілені жүзеге асыруға кірісе аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ мамандандырылған бөлімінде (мамандырылған ХҚКО) құжаттарды ресімдеу кезінде салықты, айыппұлды, ауыртпалықты, айдап әкетуді және автокөлікке тыйым салуды тексеруге болады.
Автокөлікті тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсыну қажет:
Сондай-ақ онлайн қызметті пайдалануға болады
Қазақстан Республикасында алғашқы тіркеу кезінде (Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын өндірушінің ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралын қарап-тексеруді ІІО уәкілетті қызметкері көлік құралын тіркеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияның қарап-тексеру пунктінде жүргізеді. Көлік құралын қарау кезінде оны сәйкестендіру жүзеге асырылады, нөмірлік агрегаттардың, олардың таңбалануының тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкестігі тексеріледі, олардың түпнұсқалығы белгіленеді, сондай-ақ көлік құралын (жалпы түрі) және оның сәйкестендіру нөмірін фотофиксациялау жүргізіледі.
Беруге мемлекеттік баж:
МТНБ - жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері
КҚТК - көлік құралын тіркеу туралы куәлік
1) КҚТК - 1,25 АЕК;
2) бір автомобильге МТНБ- 2,8 АЕК. Бір көлік құралына 2 бірлік санында МТНБ-нің телнұсқасы - 2,8 АЕК, бір көлік құралына 1,4 АЕК-ке 1 бірлік санында;
МТНБ цифрлық белгісі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 автомобильге - 57 АЕК;
МТНБ цифрлық белгісі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 автомобильге бірдей әріптік белгілермен - 114 АЕК;
МТНБ цифрлық белгісі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 - автомобиль үшін - 137 АЕК;
МТНБ цифрлық белгілері 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 автомобильге бірдей әріптік белгілермен - 194 АЕК;
МТНБ цифрлық белгісі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 автомобильге - 228 АЕК;
МТНБ цифрлық белгісі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 автомобильге бірдей әріптік белгілермен - 285 АЕК;
МТНБ (МТНБ цифрлық белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999) автомобильге бірдей әріптік белгілермен - 57 АЕК;
Мотокөліктерге арналған МТНБ, автомобильге тіркеме - 1,4 АЕК;
автомобильдер үшін қайталанатын МТНБ, автомобильге тіркеме - 1,4 АЕК;
Көлік құралын тарту үшін МТНБ (транзит) - 0,35 АЕК.
Бұл ретте мемлекеттік органның қарауында тұрған автомобильге МТНБ беру үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК құрайды.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік баж:
қозғалтқышпен жүретін көлік құралын (оларға қатысты алғашқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркеменің мемлекеттік тіркелгені үшін - 0,25 АЕК;
жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізуші орындығынан басқа сегіз орыннан аспайтын моторлы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін - электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы жеңіл автомобильдер (бұдан әрі - М1), гибридті көлік құралдарынан басқа:
шығарылған жылын қосқанда 2 жылға дейін - 0,25 АЕК;
шығарылған жылын қосқанда 2 жылдан 3 жылға дейін - 25 АЕК;
шығарылған жылын қосқанда 3 жылдан жоғары - 250 АЕК;
электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, M1 санатындағы қозғалтқышпен жүретін көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қосқанда 2 жылға дейін - 0,25 АЕК;
шығарылған жылын қоса есептегенде 2 жылдан 3 жылға дейін - 50 АЕК;
шығарылған жылын қосқанда 3 жылдан жоғары - 500 АЕК.
Жүргізуші орындығынан басқа, техникалық рұқсат етілген шекті массасы 5 тоннадан аспайтын сегізден астам орындықты жолаушыларды тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін мемлекеттік баж - тасымалдау үшін пайдаланылатын М2 санаты жүргізуші креслоларынан басқа, техникалық рұқсат етілген шекті массасы 5 тоннадан асатын сегіз орыннан артық жолаушылар - M3 санаты, техникалық рұқсат етілген шекті массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған - N1 санаты, техникалық рұқсат етілген шекті массасы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдау - N2 санаты және техникалық рұқсат етілген шекті массасы 12 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға арналған - N3 санаты:
шығарылған жылын қосқанда 2 жылға дейін - 0,25 АЕК;
шығарылған жылын қосқанда 2 жылдан 3 жылға дейін - 240 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда 3 жылдан 5 жылға дейін - 350 АЕК;
5 жылдан жоғары, шығарылған жылын қосқанда - 2500 АЕК.
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін автомашиналар үшін өндіруші елдерге байланысты қосымша ілеспе құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық және салық кодекстерінің белгіленген тарифтеріне сәйкес бастапқы тіркеу және кәдеге жарату алымы үшін мемлекеттік баж төлеу талап етіледі.
Мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды ресімдеу кезінде салықты, айыппұлды, ауыртпалықты, айдап әкету мен автокөлікке тыйым салуды тексеруге болады.
Толық есеп айырысу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аударумен жүргізілуі мүмкін. Сатып алу-сату шартын нотариуста жасауға болады.
Шартты ресімдеу кезінде сатып алу-сату нотариуста автокөліктің кепілде тұрмағаны және үшінші тұлғада ауыртпалықта болмағаны туралы анықтаманы алу қажет етіледі.
Егер автомобиль некеде тұрған кезде сатып алынған жағдайда, сатушы нотариусқа жұбайынан (зайыбынан) авто сатуға нотариалды келісімі не оның өзі барып өтініш беруі қажет.
Сатып алушы, егер ол некеде тұрған жағдайда, сондай-ақ нотариусқа жұбайының (зайыбының) нотариалды өтініш-келісімін беруге не оның (оның) өзінің қатысуы тиіс.
Автокөлікті сатып алу-сату кезінде мәмілені ресімдеу үшін бағалау міндетті емес. Автомобиль үшін есеп айырысуды нотариустың қатысуымен жүргізілген дұрыс, дауларды болдырмау үшін бұл туралы шарт мәтінінде белгі жасалады.
Автокөлік сатып алмас бұрын пайдаланылған көліктің тарихын қалай тексеруге болады?
Пайдаланылған автокөлікті сатып алмас бұрын ІІМ көлік тарихын тексеруді ұсынады. Мұны онлайн режимінде жасауға болады.
"АВТО тарихы" сервисі ақпарат алуға мүмкіндік береді:
Қызмет қазір мобильді қосымшаларда қол жетімді:
Көлік құралының адам өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысуы туралы ақпаратты Qamqor сервисі арқылы алуға болады.
– ЖКО-ға автокөліктің қатысуы туралы ақпарат
Автоға салынатын айыппұл туралы gov.kz сервисі арқылы немесе Qamqor арқылы білуге болады. Бұл ретте gov.kz сервисі арқылы айыппұлдарды іздеуді автокөлік иесі жүзеге асыруы тиіс, ол сол жерде оларды төлей алады.
Qamqor сервисі арқылы айыппұлдардың болуын тексеру екі негізгі деректемелер жиынтығы көмегімен мүмкін:
1) автокөлік иесінің
ЖСНы, куәлігінің/паспортының/тұруға ықтиярхатының нөмірі мен берілген күні,
оның келісімімен;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) және техпаспорт
нөмірі, автокөлік иесінің келісімімен
– Өз айыппұлдарың туралы біліңіз
Техникалық қарап-тексерудің болуын техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ТҚТБАЖ) сайтындағы сервис арқылы тексеруге болады.
– Техникалық қарап-тексерудің болуын тексеру
Қажеттілік туындаған кезде автокөлікке сақтандыру полисінің болуын тексеру, бұл сервис Мемлекеттік кредиттік бюросы арқылы істеуге болады.
- Сақтандыру полисінің болуын тексеру
Барынша, мүмкіндігінше, автокөлік иесінен автомобильді пайдаланудағы барлық қыр-сырлары туралы нақтылап алыңыз. Көлікке арналған барлық құжаттардың дұрыстығын, оның барлық деректері құжаттарда – техникалық паспортта, МТНБ-да, кедендік декларацияда (егер машина басқа елден әкелінген болса) жазылғанға сәйкес болғанын тексеріңіз.