Автомобиль туралы деректерді жинау

Инструкция

Автокөлік сатып алмас бұрын пайдаланылған көліктің тарихын қалай тексеруге болады?

Пайдаланылған автокөлікті сатып алмас бұрын ІІМ көлік тарихын тексеруді ұсынады. Мұны онлайн режимінде жасауға болады.

"АВТО тарихы" сервисі ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • Қазақстанда автокөлікті алғашқы тіркеу күні;
  • алдыңғы иелерінің саны;
  • көлік құралына кепілдер мен ауыртпалықтар және т. б.

Қызмет қазір мобильді қосымшаларда қол жетімді:

  •  “102”;
  •  “Halyk Bank”;
  •  “Bereke Bank”;
  •  “CenterCredit”;
  • “ForteBank”;
  •  Aster.kz. сайттында.

Көлік құралының адам өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысуы туралы ақпаратты Qamqor сервисі арқылы алуға болады.

 – ЖКО-ға автокөліктің қатысуы туралы ақпарат

Автоға салынатын айыппұл туралы gov.kz сервисі арқылы немесе Qamqor арқылы білуге болады. Бұл ретте gov.kz сервисі арқылы айыппұлдарды іздеуді автокөлік иесі жүзеге асыруы тиіс, ол сол жерде оларды төлей алады.

{"id":4112,"source_id":3850,"title":"Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу","service_code":"P21.01","service_link":"http://egov.kz/services/P21.01/"}

Qamqor сервисі арқылы айыппұлдардың болуын тексеру екі негізгі деректемелер жиынтығы көмегімен мүмкін:

1) автокөлік иесінің
ЖСНы, куәлігінің/паспортының/тұруға ықтиярхатының нөмірі мен берілген күні,
оның келісімімен;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) және техпаспорт
нөмірі, автокөлік иесінің келісімімен

Өз айыппұлдарың туралы біліңіз

Техникалық қарап-тексерудің болуын техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ТҚТБАЖ) сайтындағы сервис арқылы тексеруге болады.

Техникалық қарап-тексерудің болуын тексеру

Қажеттілік туындаған кезде автокөлікке сақтандыру полисінің болуын тексеру, бұл сервис Мемлекеттік кредиттік бюросы арқылы істеуге болады.

- Сақтандыру полисінің болуын тексеру

Барынша, мүмкіндігінше, автокөлік иесінен автомобильді пайдаланудағы барлық қыр-сырлары туралы нақтылап алыңыз. Көлікке арналған барлық құжаттардың дұрыстығын, оның барлық деректері құжаттарда – техникалық паспортта, МТНБ-да, кедендік декларацияда (егер машина басқа елден әкелінген болса) жазылғанға сәйкес болғанын тексеріңіз.

Дата обновления - 22.08.2023
Справочная информация
Өз айыппұлдарың туралы біліңізТехникалық қарап-тексерудің болуын тексеруЖКО-ға автокөліктің қатысуы туралы ақпаратТехникалық қарап-тексеру орталықтарының байланыс түрлеріСақтандыру полисінің болуын тексеруКөлікті мемлекеттік нөмір бойынша тексеріңіз
4551