«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
ЖүктеуӨтінішті қарау нәтижесін алыңыз
Өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бойынша:
-
үміткердің конкурсқа қатысуына арналған рұқсаттама;
-
немесе дәлелді бас тарту беріледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні өтініш берілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда ескертулерді жойғаннан кейін өтінішті қайта беру мүмкін болмауы мүмкін.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту негіздері
Бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
-
Құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық еместігінің анықталуы.
-
Ұсынылған құжаттардың, материалдардың немесе мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының және «Өркен» грантын тағайындау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкес келмеуі.
-
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
