«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
ЖүктеуҚабылдау комиссиясы арқылы құжаттарды тапсырыңыз (балама әдіс)
Егер құжаттарды қағаз түрінде тапсыруды қаласаңыз, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясына жүгініңіз.
Мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
-
Конкурсқа қатысу туралы өтініш және келісім.
-
Үміткердің туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
-
Заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
-
Білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі.
-
Шетелдік мектептерде оқитын оқушылар үшін – қажет болған жағдайда аудармасы қоса берілген оқуды растайтын тиісті құжат.
-
Егер өтінішті заңды өкілдің атынан үшінші тұлға берсе, сенімхат.
-
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткердің түрлі түсті цифрлық фотосуреті.
Жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші үміткердің азаматтығын растайтын құжатты сұратуға құқылы.
Қабылдау комиссияларының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін. Мереке күндері қабылдау жүргізілмейді.
