«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
ЖүктеуҚажетті құжаттарды дайындаңыз
Өтінішті онлайн беру үшін
Мыналарды дайындаңыз:
-
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткердің түрлі түсті цифрлық фотосуретін.
-
Шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер үшін – табельдің, анықтаманың немесе мектеп берген өзге де ресми құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі не осы тілдердің біріне нотариат куәландырған аудармасы бар түрлі түсті электрондық көшірмесін. Құжатта оқитын сыныбы, оқу немесе күнтізбелік жылы және анықтаманың берілген күні көрсетілуі тиіс.
Жеке басты куәландыратын құжаттар мен туу туралы куәліктердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Фотосуретке қойылатын талаптар
Фотосурет:
-
өтініш берілген күнге дейін 3 айдан ерте түсірілмеуі;
-
түрлі түсті, тура алдынан түсірілген, біртекті ақ фонда болуы;
-
аузы жабық, бет-әлпеті бейтарап күйде болуы;
-
көздері ашық және шашпен жабылмаған болуы;
-
бет бейнесі фотосурет ауданының 70–85%-ын алуы;
-
JPEG форматында, өлшемі 3×4, файл көлемі 1 МБ-тан аспауы;
-
ажыратымдылығы кемінде 450×600 пиксель және кемінде 80 dpi болуы тиіс.
Бас киіммен және көзілдірікпен түскен фотосуреттерге, сондай-ақ компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшіру әдісімен дайындалған суреттерге жол берілмейді.
