«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
ЖүктеуБаланың конкурсқа қатыса алатынын тексеріңіз
Конкурсқа өтініш берген кезде орта білім беру ұйымының 6-сыныбында оқитын және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбында білім алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Назар аударыңыз:
-
Орта білім беру ұйымдарының 7–9-сынып оқушылары келесі оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебінің тиісті сыныбында қайта оқуға үміткер бола алмайды.
-
Қолданыстағы өтініш немесе үміткердің рұқсаттамасы болған жағдайда заңды өкілдер конкурсқа қатысу үшін қайта өтініш бере алмайды.
Қосымша ақпарат
Конкурсты өткізу шарттары, конкурстық іріктеу және оқыту туралы ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайтында орналастырылған:
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы».
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығы «Дарынды балалардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында оқу ақысын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы».
