Шетелде оқуға грантты қалай алуға болады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстан Республикасында азаматтарға «Болашақ» халықаралық стипендиясы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде білім алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Шетелде білім алудың негізгі мүмкіндіктері:

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы — белгіленген бағыттарға, үміткерлер санаттарына және бағдарлама шарттарына сәйкес шетелде білім алу және тағылымдамадан өту.

  • Академиялық ұтқырлық — студенттердің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында белгілі бір академиялық кезең ішінде білім алуы және кейіннен оқу нәтижелерінің танылуы.

  • Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберіндегі білім беру гранттары — тиісті халықаралық шартта, келісімде немесе конкурста белгіленген талаптарға сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарында білім алу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар, білім беру деңгейлері, елдер мен шетелдік білім беру ұйымдарының тізбесі, құжаттарды тапсыру мерзімдері, конкурстық іріктеу тәртібі, қаржыландыру көлемі және грант алушылардың міндеттемелері таңдалған бағдарламаға байланысты ерекшеленеді.

Өтінім берер алдында тиісті бағдарламаның қолданыстағы қағидаларымен және конкурстық іріктеу туралы ресми хабарландырумен танысу қажет.

  1. Кіріспе