Тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде қалай тіркелуге болады?

Жүктеу

Есепке қоюға өтінім беру кезеңдері

  1. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз.

  2. Жеке кабинетте тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою қызметін таңдаңыз.

  3. Электрондық өтінішті толтырып, қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.

  4. Тиісті негіз болған жағдайда жеңілдікті санатқа жататыныңызды көрсетіңіз.

  5. Егер сіздің жағдайыңызда талап етілсе, растайтын құжаттарды қоса тіркеңіз.

  6. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге қажетті келісімдерді беріңіз және кәмелетке толған отбасы мүшелерінің белгіленген тәртіппен қатысуын қамтамасыз етіңіз.

  7. Өтінішке қол қойып, жіберіңіз.

  8. Мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы мәліметтердің тексерілуін күтіңіз.

Қарау нәтижелері бойынша жеке кабинетке есепке қойылғаны туралы хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап келіп түседі. Тіркелген телефон нөмірі болған жағдайда хабарлама СМС арқылы да жіберілуі мүмкін.

Өтініштің мәртебесін жеке кабинеттен тексеруге болады.

Жаңарту күні: Көру саны:294
  1. Есепке қоюға өтінім беру кезеңдері