Тіркеуден келесі себептер бойынша бас тартылуы мүмкін:
- соңғы бес жылдағы тұрғын үйге меншік құқығы (өтініш беруші немесе оның отбасы мүшелері);
- әкімдік ұсынған мемлекеттік тұрғын үйді немесе жалға алынған тұрғын үйді пайдалану ;
- жалған ақпарат немесе жалған құжаттар ұсыну;
- бұрын бөлінген тұрғын үйді мемлекеттік қордан алу және жекешелендіру;
- басқа елдімекенде апаттық тұрғын үйдің болуы ;
- мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алу;
- өтініш берушінің отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары, асырап алынған балалары, сондай-ақ қамқорлықтағы (қамқоршылықтағы), бірге тұратын және өтініш берушінің асырауындағы адамдар) тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелуінің болуы.
Өтінішті қарау кезінде тек өтініш берушінің ғана емес, сонымен қатар барлық отбасы мүшелерінің - жұбайының, балаларының, бірге тұратын асырап алынған немесе қамқоршы адамдардың және асырауындағылардың мүлкі ескеріледі.