Төменде мемлекеттік және тәркіленген мүлікпен жұмыс істеудің негізгі бағыттары бойынша іс-қимыл алгоритмдерін біріктіретін кешенді практикалық нұсқаулық ұсынылған:
Ұсынылған қадамдық нұсқаулықтар мен нормативтік бағдарлар мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің уәкілетті органдармен және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталымен (www.e-qazyna.kz) өзара іс-қимылын жеңілдетуге арналған.
Кімдер пайдалана алады
Өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін тәркіленген мүлікке қажеттілігі бар құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар.
1-қадам. Жарияланған хабарландырумен танысыңыз
Тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне түскеннен кейін аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (ММЖД) немесе жергілікті атқарушы орган (ЖАО) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға беруге ұсынылатын тәркіленген мүлік туралы хабарландыруды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырады.
Хабарландыру өтінімдерді ашу күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын жарияланады.
Нәтиже: беруге ұсынылған мүлік туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды.
2-қадам. Өтінім беріңіз
Қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы өтінім береді.
Өтінімде мыналар көрсетіледі:
мүліктің атауы;
қажетті саны;
мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесі.
Өтінімге тиісті саланың уәкілетті органының қорытындысының электрондық (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.
Қорытындыда:
белгіленген тиесілік нормалары шегіндегі қажеттілік;
мүлікті пайдаланудың өндірістік қажеттілігі;
мүлікті күтіп-ұстауға және пайдалануға қаржылық қамтамасыз етудің болуы расталуы тиіс.
Нәтиже: өтінім қарауға қабылданды.
3-қадам. Өтінімнің қаралуын күтіңіз
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы оларды автоматты түрде ашады.
ММЖД немесе ЖАО комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және мүлікті берудің экономикалық орындылығының белгіленген өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді.
Қарау қорытындысы бойынша комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді.
Нәтиже: мүлікті беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
4-қадам. Мүлікті алушыны айқындау
Егер бір мүлік объектісіне бірнеше өтінім келіп түссе, белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда өтінімді бірінші болып берген мемлекеттік органға басымдық беріледі.
Мүлік қалдығы болған жағдайда ол басқа өтініш берушілер арасында бөлінуі мүмкін.
Нәтиже: мүлік берілетін мемлекеттік орган айқындалды.
5-қадам. Мүлікті беру туралы шешімнің қабылдануын күтіңіз
Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне бекіту (беру) туралы шешім қабылдайды.
Шешім 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Нәтиже: мемлекеттік органның теңгеріміне мүлікті беру туралы шешім қабылданды.
6-қадам. Мүлікті теңгерімге қабылдап алыңыз
Шешім қабылданғаннан кейін мүлік қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.
Мүлік шешім қабылданған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде беріледі.
Қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін мүлік тиісті мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданады.
Нәтиже: тәркіленген мүлік құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданды.
Егер өтінімдер келіп түспесе
Егер белгіленген мерзімде өтінімдер келіп түспесе немесе комиссия мүлікті мемлекеттік органдарға берудің экономикалық орынсыздығы туралы қорытындыға келсе, мұндай мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізіледі.
Мерзімдер
Өтініштер ашылғанға дейін хабарлауды жариялау – кемінде 15 күнтізбелік күн
Мүлікті беру туралы шешім қабылдау – 15 жұмыс күні ішінде;
Қабылдау-беру актісі бойынша мүлікті беру – 10 күнтізбелік күн ішінде
Нәтиже
Тәркіленген мүлік құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне беріліп, бекітіледі немесе оны беруге негіздер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуге жіберіледі.
Негіздеме
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру, есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі» атты ресми түсіндірмесі.
Кімдер пайдалана алады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптарға сай келетін және мемлекет өткізетін электрондық сауда-саттыққа қатысу арқылы тәркіленген мүлікті сатып алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалар.
1-қадам. Сауда-саттық өткізу туралы хабарландырумен танысыңыз
Тәркіленген мүлікті өткізу туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылады.
Хабарландыруда мына мәліметтер көрсетіледі:
мүліктің атауы;
объектінің сипаттамасы;
бастапқы бағасы;
кепілдік жарнаның мөлшері;
электрондық аукционның күні мен уақыты;
сату шарттары.
Нәтиже: сіз электронды аукционға қатысу үшін қызығушылық танытатын объектіні таңдадыңыз.
2-қадам. Веб-порталда тіркеліңіз
Электрондық аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің Веб-порталында тіркелу қажет.
Тіркеу кезінде:
жеке тұлғалар үшін — ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлғалар үшін — БСН, заңды тұлғаның толық атауы, басшы туралы мәліметтер;
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік шот деректемелері;
байланыс деректері көрсетіледі.
Нәтиже: сіз Веб-порталда электрондық аукционның әлеуетті қатысушысы ретінде тіркелдіңіз.
3-қадам. Кепілдік жарнаны енгізіп, өтінім беріңіз
Электрондық аукционға қатысу үшін:
хабарландыруда көрсетілген мөлшерде кепілдік жарнаны енгізу;
Веб-портал арқылы электрондық өтінім беру қажет.
Өтінім беріліп, кепілдік жарна түскеннен кейін қатысушы электрондық аукционға жіберіледі.
Нәтиже: өтінім қабылданды, сіз электрондық аукционға қатысуға жіберілдіңіз.
4-қадам. Электрондық аукционға қатысыңыз
Белгіленген күні және уақытта электрондық аукционға веб-портал арқылы қатысыңыз.
Электрондық аукцион кезінде қатысушылар сатып алынатын мүліктің бағасын дәйекті түрде ұсынады.
Электрондық аукционды жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларына сәйкес барынша жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Нәтиже: электрондық аукционның жеңімпазы анықталды.
5-қадам. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға және сатып – алу шартына қол қойыңыз
Сіз электрондық аукционның жеңімпазы деп танылған жағдайда, оны өткізген күні ЭЦҚ пайдалана отырып, нәтижелер туралы хттамаға қол қою қажет.
Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін электрондық аукцион өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, сатып алу – сату шартына қол қою қажет.
Нәтиже: хаттамаға қол қойылып, мүлікті сатып алу – сату шарты жасалды.
6-қадам. Мүліктің құнын төлеңіз
Егер сіз жеңімпаз деп танылған жағдайда, сатып алынған мүліктің құнын №227 Кағидалардың 53-54-тармақтарында және жасалған сатып алу – сату шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлеу қажет.
Кепілдік жарна мүліктің сатып алу құнына есептеледі.
Нәтиже: мүлік бойынша төлем міндеттемелері орындалды.
7-қадам. Мүлікті қабылдап алыңыз
Толық төленген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Тараптар арасында қабылдау-беру актісі рәсімделенеді және мүлік сізге сатып алушы (электрондық аукционның жеңімпазы) ретінде беріледі.
Нәтиже: тәркіленген мүлік заңнамада белгіленген тәртіпте сатып алынды.
Процестің нәтижесі
Электрондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз сатып алушы сатып алынған тәркіленген мүлікті сатып алу-сату шарты және қабылдау-беру актісі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иеленеді.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда айқындалған.
Қағидаларға сәйкес Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру тендерлік негізде жүзеге асырылады.
Тендер – бұл www.e-qazyna.kz тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару тендерлері бойынша өзекті ақпаратпен www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталынын «Senimde» сервисінде танысуға болады.
Кімдер пайдалана алады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар.
1-қадам. Жалдауға берілетін мемлекеттік мүлік туралы ақпаратпен танысыңыз
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға беруші тарапынан орналастырады.
Хабарландыруда мына мәліметтер көрсетіледі:
объектінің атауы;
орналасқан жері;
техникалық сипаттамалары;
жалдау ақысының мөлшері;
жалдау мерзімі;
мүлікті беру шарттары.
Нәтиже: жалға алуға жоспарланған мемлекеттік мүлік объектісі таңдалды.
2-қадам. Өтінім беріңіз
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) алу туралы өтінімді қағидада көзделген тәртіппен беріңіз.
Өтінімде өтініш беруші туралы мәліметтер және таңдалған мүлік объектісі көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда заңнамада көзделген құжаттар қоса беріледі.
Нәтиже: өтінім қарауға қабылданды.
3-қадам. Өтінімнің қаралуын күтіңіз
Жалға алушы келіп түскен өтінімді қарап, өтініш берушінің заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.
Бір объект бойынша бірнеше өтінім түскен жағдайда, мүлікті беру қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Нәтиже: мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
4-қадам. Мүліктік жалдау (жалғаалу) шартын жасаңыз
Оң шешім қабылданған жағдайда жалға беруші мен жалға алушы арасында мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау шарты жасалады.
Шартта:
жалдау объектісі;
жалдау мерзімі;
жалдау ақысының мөлшері;
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
мүлікті пайдалану және қайтару тәртібі айқындалады.
Нәтиже: мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалды.
5-қадам. Мемлекеттік мүлікті қабылдап алыңыз
Шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік мүлік қабылдау-беру актісі бойынша жалға алушыға беріледі.
Осы сәттен бастап жалға алушы мүлікті шарт талаптарына және заңнамаға сәйкес пайдаланады.
Нәтиже: мемлекеттік мүлік мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілді.
Нәтиже
Өтініш беруші мемлекеттік мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік жалдау (жалға алу) шарты және қабылдау-беру актісі негізінде алады.
Кімдер пайдалана алады
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген лауазымға кандидаттар (заңнамада арнайы ерекшеліктер белгіленген лауазымды қоспағанда).
1-қадам. Сыйлықтың мемлекетке тапсырылуға жататынын айқындаңыз
Сыйлық мынадай жағдайларда мемлекетке тапсыруға жатады:
қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқаруға байланысты алынған болса;
алушының қатысуынсыз берілген болса;
лауазымға байланысты ресми немесе хаттамалық іс-шара барысында табысталған болса.
Нәтиже: сыйлықты уәкілетті органға тапсыру қажеттілігі айқындалды.
2-қадам. Сыйлықты белгіленген мерзімде тапсырыңыз
Сыйлық алынған (немесе анықталған) күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде оны:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;
немесе жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тапсыру қажет.
Сыйлық қабылдау-тапсыру актісі (тізімдеу, бағалау және/немесе қабылдау-беру актісі) бойынша беріледі.
Сонымен бірге жазбаша хабарлама ұсынылады, онда:
сыйлықты кейіннен сатып алуға келісім;
немесе сатып алудан бас тарту көрсетіледі.
Нәтиже: сыйлық уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға қабылданды.
3-қадам. Хабарламаны ресімдеңіз
Хабарламада мына мәліметтер көрсетіледі:
уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс орны және байланыс деректері;
сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы;
сыйлықты сатып алу ниеті немесе одан бас тарту туралы ақпарат.
Сыйлықты сатып алу көзделген жағдайда хабарлама жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен ұсынылады.
Нәтиже: құжаттар толық көлемде ресімделді.
4-қадам. Сыйлықты бағалау рәсімін күтіңіз
Егер сыйлық тікелей мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тапсырылса, бағалау хабарлама алынған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Егер сыйлық бастапқыда жергілікті атқарушы органға тапсырылса, ол
5 жұмыс күні ішінде құжаттарды және сыйлықты аумақтық бөлімшеге жолдайды, содан кейін бағалау рәсімі басталады.
Нәтиже: сыйлықтың құны айқындалды.
5-қадам. Қажет болған жағдайда сыйлықты сатып алыңыз
Егер сыйлықты сатып алу туралы өтініш беріліп, жоғары тұрған лауазымды адамның келісімі алынған жағдайда уәкілетті орган:
бағалау жүргізеді;
сатып алу-сату шартын жасасады.
Төлем жүргізілгеннен кейін сыйлық қабылдау-беру актісі бойынша тұлғаға беріледі.
Нәтиже: сыйлық заңнамаға сәйкес сатып алынды.
6-қадам. Сыйлық сатып алынбаған жағдайда
Егер тұлға жазбаша түрде сатып алудан бас тартса немесе бұл құқықты пайдаланбаса, уәкілетті орган сыйлықты заңнамада белгіленген тәртіппен өткізуге құқылы.
Нәтиже: сыйлық мемлекеттік меншікке қабылданып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізуге жатады.
Мерзімдері
Мерзімдері
Сыйлық алынған (немесе анықталған) күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады;
Жергілікті атқарушы органнан сыйлықты және құжаттарды аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне беру - 5 жұмыс күні ішінде;
Сыйлықты бағалау және сатып алу-сату шартын жасау (сатып алынған жағдайда) - хабарлама алынған күннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Сыйлықты уәкілетті органға уақтылы немесе толық көлемде тапсырмағаны үшін егер мұндай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін құрамаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 472-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделеді.