ҚР-да мемлекеттік және тәркіленген мүлікпен жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмі

Жүктеу

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) қалай алуға болады?

Кімдер пайдалана алады

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар.

1-қадам. Объектіні таңдаңыз

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға беруге ұсынылатын мемлекеттік мүлік туралы ақпаратпен танысыңыз.

Объектінің орналасқан жеріне, сипаттамаларына, нысаналы мақсатына, жалға алу мерзіміне және беру тәсіліне назар аударыңыз.

2-қадам. Мүлікті алу тәртібін анықтаңыз

Мемлекеттік мүлік Қағидаларда көзделген жағдайларда тендер өткізу арқылы немесе тендер өткізбей жалға беріледі.

Мүлікті беру тәсілі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында объект туралы ақпаратта көрсетіледі.

3-қадам. Өтінім беріңіз

Егер объект тендер өткізілмей берілетін болса, Қағидаларда белгіленген тәртіппен өтініш беріңіз.

Егер тендер өткізу көзделсе, веб-порталда тіркеліп, хабарлама мен Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, тиісті рәсімге қатысыңыз.

4-қадам. Жалға алу шартын жасасыңыз

Жалға алушы анықталғаннан кейін мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалады.

Шартта жалға алу мерзімі, жалдау ақысының мөлшері, объектінің нысаналы мақсаты, тараптардың құқықтары мен міндеттері және басқа да қажетті талаптар көрсетіледі.

Әдетте, шарт талаптары тиісінше орындалған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Жекелеген объектілер үшін заңнамада арнайы қағидалар көзделген.

5-қадам. Мүлікті қабылдап алыңыз

Объектіні жалға алушыға беру қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.

Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті жалдау шарты құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.

Нәтиже: мемлекеттік мүлік жасалған шартқа сәйкес жалға берілді.

Нормативтік негіз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Жаңарту күні: Көру саны:40
  1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) қалай алуға болады?