1. Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істеймін ҚҚС төлеуші емеспін, 2026 жылы ҚҚС төлеуші болмаймын ЭШФ жазу керек пе?
Жауабы: Салық кодексінің 99-бабының нормаларына сәйкес (01.01.2025 жылдан бастап) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға жатпайды.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші бола отырып, шот-фактураны жазып беруге міндетті, алайда шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) есептері жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу:
-сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары арқылы ұсына отырып;
- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушыға арнайы мобильді қосымшаны ұсынумен. Бұл ретте сатып алушының талабы бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс;
2) есептеулері электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру;
4) теміржол немесе әуе көлігінде жолаушыны тасымалдауды қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімдеу;
5) жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарды өтеусіз беру, жұмыстарды өтеусіз орындау, қызметтер көрсету;
6) Салық кодексінің 477-бабында көзделген қаржылық операцияларды іске асыру.
2. Неліктен бейрезиденттің қызметтері бойынша өзіне өзі ЭШФ жазып беру керек?
Жауабы: Бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымдар бойынша ЭШФ жазып беруді енгізу осындай айналымдарды күрделі әкімшілендірумен байланысты. Ақпараттық жүйелерде ҚҚС бойынша декларацияны тапсырғанға дейін ақпараттың болмауы (300.00-нысан) ҚҚС есепке жатқызу сомасы бойынша ақпараттың бұрмалануына және ҚҚС бойынша сапасыз камералдық бақылауға алып келеді.
Бейрезидент үшін ҚҚС бойынша ЭШФ жазып беру бейрезидент үшін ҚҚС бюджетке төленген күннен кейін, бірақ осындай төленген күннен кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей өз атына жүргізіледі. Өз кезегінде ҚҚС төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып берген күн бойынша жазып берілген ЭШФ негізінде ҚҚС сомасын жатқызуға құқылы.
Осылайша, ұсынылған механизм ҚҚС сомасын есепке жатқызу күнін біржақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл әкімшілендіруді жеңілдетеді және камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтады.
Бейрезидент үшін ЭШФ-ны ЭШФ АЖ порталында да, СТ пайдаланатын есепке алу жүйелері арқылы да жазып беруге болады (мысалы, 1С). "ЭШФ" журналында "ЭШФ құру" түймесін басып, "бейрезидент (жұмыс, қызмет көрсетуші)"өнім берушінің санатын таңдау керек.
Осы санатты таңдағаннан кейін сіздің деректеріңіз автоматты түрде "алушы" бөліміне жіберіледі және тіркеу кезінде көрсетілген деректер бойынша алдын ала толтырылады. "Жеткізуші" бөлімін толтыру үшін қол жетімді болады – бұл бөлімде бейрезиденттің мәліметтерін енгізу қажет.
Егер бейрезидент ЕАЭО елінен болса (RU, BY, KG, AM), оның сәйкестендіруін (ЖСН/БСН) қосымша көрсету қажет.
3. Егер ұйым тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе, тауарды өткізсе шот-фактураларды жазуы керек пе?
Жауабы: Ұйым келесі жағдайларда шот-фактураларды жазбауға құқылы:
1) есептері сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары арқылы ұсынумен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу:
2) есептеулері электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;
3) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларға өткізу (түпкілікті тұтыну).
Бұл ретте, қажет болған жағдайда тауардың әрбір түрі бойынша бір күнгі барлық айналымға жеке тұлғаларға тауарларды сатуға ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (№ 629 бұйрықтың 70-тармағы) .
4. Қандай жағдайда ЭШФ жазып беру тоқтатылады?
Жауабы: Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру кірістер органымен келесі күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінді жүргізіледі:
1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;
3) осындай салық есептілігін алдыңғы алты ай ішінде дербес ұсынбаған қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен;
4) қосылған құн салығын төлеуші осындай салық есептілігін табыс ету қайта басталған күнге дейін осындай салық бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған;
5) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мәліметтер келіп түскен;
10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;
11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;
12) болу мақсаты ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталғаны туралы мәліметтер келіп түскен;
13) дара кәсіпкерді әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу күнінен;
14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеушінің әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген күннен кейінгі;
15) салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.