Салық режимдері

Жүктеу

«Салық режимдері» блогы бойынша өзекті сұрақтар мен жауаптар

1. ЖК патент бойынша жұмыс істеді шаштараз қызметтерін көрсетті біз 2026 жылы қандай режимде жұмыс істей аламыз.

Жауабы: 01.01.2026 жылдан бастап Сіз қызметті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені "шаштараздар мен сұлулық салондарының қызмет көрсету" бойынша қызмет түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. 

Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қолдануға құқылы.

Күнтізбелік айдағы табыс 300 АЕК-тен аспауға тиіс, бұл 2026 жылы 1 297 500 теңгені құрайды.

2. 2025 жылы Яндекс таксиде мобильді қосымша бойынша жұмыс істедім, 2026 жылы қалай болады?

Жауабы: 01.01.2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде қызметті жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені такси қызметінің түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. 

Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қолдануға құқылы.

Күнтізбелік айдағы табыс 300 АЕК-тен аспауға тиіс, бұл 2026 жылы 1 297 500 теңгені құрайды.

3. Үкіметтің қаулысында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері бойынша біздің ЭҚЖЖ жоқ, бұл біз оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істей аламыз дегенді білдіре ме?

Жауабы: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға Қазақстан Республикасының резидент-дара кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысында айқындалған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Осылайша, Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысында сіздің қызмет түріңіз болмаған кезде, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары сақталған жағдайда, сіз осы салық салу режимін қолдануға құқылысыз.

4. Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?

Жауабы: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды;

2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;

3) табиғи монополия субъектілері болып табылмайды.

Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.

5. 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізінде қандай қызмет түрлеріне қызмет етугетыйым салынады?

Жауабы: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі "оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысымен бекітілген.

6. Қандай ұйымдар жеңілдетілген декларацияны қолдана алмайды?

Жауабы: Жеңілдетілген декларацияны қолдану құқығы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісі бар және осы режимге тыйым салынған қызмет түрлерімен айналыспайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға беріледі. Заңды тұлғалар, егер басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25%-дан асса, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, экономикалық аймақтарға қатысушылар және бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар бұл режимді қолдана алмайды. Мұндай салық төлеушілер Салық кодексінің 20-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.'

Жаңарту күні: Көру саны:179
  1. «Салық режимдері» блогы бойынша өзекті сұрақтар мен жауаптар