1.Сұрақ: Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру бойынша мемлекеттік қызмет нақты көрсетілмеген жағдайда немесе мемлекеттік баж қате төленгенде, төлеуші мемлекеттік бажды қайтару үшін қайда жүгінуі қажет?
Жауап: Мемлекеттік бажды қайтару үшін ең алдымен төлем жасалған жер бойынша әкімшілік полиция бөлімшесіне жүгініп, мемлекеттік қызметтің іс жүзінде көрсетілмегені туралы анықтама алу қажет. Анықтаманы алғаннан кейін төленген мемлекеттік бажды қайтаруға өтінішті салық төлеушінің кабинеті арқылы беру керек.
2.Сұрақ: Қате немесе артық төленген мемлекеттік бажды қалай қайтаруға болады?
Жауап: Мемлекеттік бажды қайтару салық төлеушінің кабинеті арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің электрондық сервистері арқылы, оның ішінде Электрондық үкіметтің бірыңғай порталы, e-Salyk және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
3.Сұрақ:Ұлттық валютада (теңге) бюджет кірісіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін қандай деректемелер пайдаланылады?
Жауап: Бюджет кірісіне салықтарды төлеу үшін төлем құжаттарында келесі реквизиттерді көрсету қажет:
4.Сұрақ: Келісім-шарт жасалғаннан кейін мемлекеттік мекеме өз міндеттемелерін толық орындайтынына кепілдік бар ма?
Жауап: Тіркеуді талап етпейтін азаматтық-құқықтық мәмілелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді; өз кезегінде тіркеу тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу бойынша азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ақы төлеу жөніндегі міндеттемесі мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау) фактісін растайтын құжатқа (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісіне) қол қойғаннан кейін туындайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес міндеттемелерді қабылдайды және орындайды.