Өзекті сұрақтарға жауаптар
ЖүктеуКәсіпкерлік қызмет
1. Сұрақ: ЖШС басшысын ауыстырғым келеді. Қайда жүгінуім керек?
Жауап: Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
2. Сұрақ: ЖК қызметін тоқтату мәртебесін қайдан көруге болады?
Жауап: ЖК қызметін тоқтату мәртебесін мына жерлерден тексеруге болады:
- ҚР ҚМ МКК порталында portal.kgd.gov.kz «Сервистер» → «Салық төлеушіні іздеу» бөлімінде;
- «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында;
- e-Salyq Business және e-Gov Business мобильді қосымшаларында.
Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына 1-қосымшада көрсетілген.
3. Сұрақ: Бақылау-касса машинасын (БКМ) қалай тіркеуге болады?
Жауап: Бақылау-касса машинасын (БКМ) тіркеу фискалдық деректер операторына (ФДО) тиісті өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Сұрақ: БКМ чегін қандай жағдайларда беру қажет?
Жауап: БКМ чегі ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асырған кезде, оның ішінде қолма-қол ақшамен, банк картасымен және мобильді төлемдер арқылы төлеу кезінде беріледі.
5. Сұрақ: Бақылау-касса машинасының моделі қалай жаңартылады?
Жауап: Егер БКМ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылса, жаңарту автоматты түрде жүзеге асырылады. Электрондық құрылғы пайдаланылған жағдайда жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталығына (ТҚО) жүгіну қажет.
