Сіз көлік құралының иесі болсаңыз, онда 2024 жылға арналған салықты төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын айта кетейік.
Салық уақтылы төленбеген жағдайда берешек қалыптасып, соған сәйкес өндіріп алу шаралары қарастырылады.
Егер де сізде көлік салығының берешегі қалыптасып, ол уақытында өтелмесе, салық бұйрығы мәжбүрлі түрде орындауға жолданады.
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы банк шоттарын бұғаттауға және шетелге шығуға шектеу қою сияқты шараларды қолдануға құқылы.
Қолданылатын шаралар:
-шоттар мен мүлікті бұғаттау;
-Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу қою.
Сонымен қатар жеке сот орындаушысының қызмет ақысы салық берешегі сомасының 25% дейінгі мөлшерде қосымша өндіріп алынады.
2024 жылдың 19 тамызынан бастап 20 АЕК-тен аз берешектер бойынша өндіріп алудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады:
-өндіріп алу жеке сот орындаушысына берілмейді;
-банктегі ақшалай қаражат автоматты түрде бұғатталады;
-мүлік бойынша кейбір операцияларға шектеу қойылады.
Атқарушылық іс жүргізуді қайдан тексеруге болады?
-aisoip.adilet.gov.kz порталында;
-Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында.
Берешекті қалай өтеуге болады?
-Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
-Банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен;
-Банкоматтар мен терминалдарда банк картасы арқылы;
-eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады.
Шоттардың бұғатталуын, шектеулер мен қосымша шығыстарды болдырмау үшін:
Егер де салық берешегі аталған қарыз туралы хабарлама түскеннен кейін отыз жұмыс күні өткен соң 1 АЕК (3 692 ₸) асып кетсе, мемлекеттік кірістер органы салық бұйрығын шығарады.
Салық бұйрығы табысталған күннен бастап берешек сомасы 5 жұмыс күні ішінде өтелмеген жағдайда – салық бұйрығы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл өз кезегінде қосымша шығыстарға әкеп соғады.
Берешекті қай жерден тексеруге болады?