Көлік салығының берешегіне байланысты шот бұғатталса не істеу керек?

Инструкция

Егер де сізде көлік салығының берешегі қалыптасып, ол уақытында өтелмесе, салық бұйрығы мәжбүрлі түрде орындауға жолданады.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы банк шоттарын бұғаттауға және шетелге шығуға шектеу қою сияқты шараларды қолдануға құқылы.

Қолданылатын шаралар:

  -шоттар мен мүлікті бұғаттау;

  -Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу қою.

Сонымен қатар жеке сот орындаушысының қызмет ақысы салық берешегі сомасының 25% дейінгі мөлшерде қосымша өндіріп алынады.

2024 жылдың 19 тамызынан бастап 20 АЕК-тен аз берешектер бойынша өндіріп алудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады:

      -өндіріп алу жеке сот орындаушысына берілмейді;

      -банктегі ақшалай қаражат автоматты түрде бұғатталады;

      -мүлік бойынша кейбір операцияларға шектеу қойылады.

Атқарушылық іс жүргізуді қайдан тексеруге болады?

      -aisoip.adilet.gov.kz порталында;

      -Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында.

Берешекті қалай өтеуге болады?

    -Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

    -Банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен;

    -Банкоматтар мен терминалдарда банк картасы арқылы;

    -eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады.

Шоттардың бұғатталуын, шектеулер мен қосымша шығыстарды болдырмау үшін:

  • берешектің бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз;
  • көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанға дейін төлеңіз;
  • салық міндеттемелерін уақтылы орындаңыз.
Дата обновления - 17.10.2025
Справочная информация
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі
5