Рәсім уәкілетті органның аумақтық органдары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттері) көрсететін мемлекеттік қызмет ретінде ресімделген.
ЭЦҚ қойылған электрондық өтініш.
Бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі.
Оң сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі.
Отқа төзімділік шегінің көрсеткіштерін, құрылыс конструкцияларының (оның ішінде ойықтарды толтыру конструкцияларының) өрт қауіптілігі сыныбын, сондай-ақ құрылыс материалдарының (оның ішінде әрлеу) өрт қауіптілігі көрсеткіштерін қоса алғанда, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері