Конкурстық іріктеуді уәкілетті орган құрған комиссия жүргізеді.
Үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық іріктеу рәсімі екі кезеңнен тұрады:
Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1) баллдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
2) білім беру құжатының баллдық жүйе бойынша орташа бағасы;
3) Тәуелсіз сараптама комиссиясының бағалауы.
Есептелген ұпайлар негізінде Қорытынды іріктеу комиссиясы бөлінген квота шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдерін қарап, бекітеді.
Нәтижелер «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ веб-сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланған.