Әскери қызметтен босатылған адамдарды санаторий-курорттық емдеуге жіберу үшін іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері департаменттерінде құрылған комиссия жүзеге асырады.
Комиссия ұсынылған құжаттар негізінде 25 және одан да көп жылдық еңбек өтілінің болуын, сондай-ақ «Жиырма бес және одан да көп жылдық еңбек өтілі бар әскери қызметтен босатылған адамдарға курорттық емдеу көрсетілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚРДСМ-21 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес курорттық емдеу үшін аурулардың болуын анықтайды .
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Комиссияның шешімі оң болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «ҚР Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша курорттық емдеуге жолдама беріледі.