Сатушы немесе сервис ақшаны қайтарудан бас тартса не істеу керек?

Жүктеу

Ақшаны қандай жағдайларда қайтару керек?

Егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде өлшемі, пішіні, үлгісі, түсі, жиынтықталуы немесе басқа да сипаттамалары бойынша сәйкес келмеген тауарды айырбастауға құқылы.

Тауарды айырбастау заңнамада белгіленген шарттар сақталған жағдайда, оның ішінде тауар пайдаланылмаған және тұтынушылық қасиеттері сақталған болса, жүзеге асырылады.

Егер сатушыда айырбастауға қажетті тауар болмаса, сатып алушы сатып алынған тауарды қайтарып, төленген ақшалай қаражатты алуға құқылы.

Егер тауар тиісті емес сапада болса

Сатушы алдын ала ескертпеген кемшіліктер анықталған жағдайда, тұтынушы өз таңдауы бойынша заңда көзделген талаптарды қоюға құқылы, оның ішінде:

  • сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды;

  • тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;

  • кемшіліктерді жоюға жұмсалған шығындарды өтеуді;

  • тауарды ауыстыруды;

  • шартты бұзуды және төленген ақшалай қаражатты қайтаруды.

Талаптар кемшіліктердің сипаты, кепілдік мерзімі және заңнамада белгіленген өзге де шарттар ескеріле отырып қойылады.

Егер жұмыс немесе қызмет тиісінше орындалмаса не көрсетілмесе

Орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің кемшіліктері анықталған жағдайда, тұтынушы мыналарды талап етуге құқылы:

  • кемшіліктерді өтеусіз жоюды;

  • жұмыс немесе қызмет құнын тиісінше азайтуды;

  • жұмысты қайта орындауды немесе қызметті қайта көрсетуді;

  • заңда көзделген жағдайларда кемшіліктерді жоюға жұмсалған шығындарды өтеуді.

Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса немесе елеулі әрі жойылмайтын болса, тұтынушы шартты бұзуға және келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

 
Жаңарту күні: Көру саны:554
  1. Ақшаны қандай жағдайларда қайтару керек?