Қажетті құжаттарды жинаңыз

Инструкция

Колледжге хабарласқанда:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың төлнұсқасы;

3) 3х4 см өлшемді цифрлық фотосурет;

4) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5) балалардың дәрежесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Қабылдау үшін құжаттарды кәмелетке толғандар жеке өзі, ал кәмелетке толмағандар заңды өкілінің қатысуымен тапсыруы тиіс.

Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) біреуінің көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) электрондық нысандағы білім туралы құжат;

3) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін № 075-У нысанындағы электрондық медициналық анықтамалар, 031-У нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;

4) балалардың дәрежесін растайтын электрондық құжат;

5) 3х4 см өлшемді цифрлық фотосурет.

Дата обновления - 11.12.2025
Справочная информация
12