Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсету коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тарату ұйымымен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізуге аттестатталған тәуелсіз мамандандырылған ұйыммен стандартты шартты жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсету қызметтері бәсекелестік ортада жүзеге асырылады, және тұтынушы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін кез келген ұйыммен шарт жасасуға құқылы.
Шарт шеңберінде Орындаушы коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №117 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес, тұтынушының газ жабдықтарына сапалы әрі уақытылы техникалық қызмет көрсетуге міндетті.Сәйкесінше, тұтынушы осы ұйымнан үлгілік шартта көзделген қызметтердің сапалы көрсетілуін талап етуге құқылы. Шарт бойынша міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған кез келген басқа газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін ұйыммен шарт жасасуға немесе аттестация берумен айналысатын төтенше жағдайлар департаментіне Орындаушының әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы.