Инструкция
Балаңыздың жағдайы нашарлағанын білдіретін белгілер:
- Мектепке барудан қорқады, ересектерден ажырамай жүреді;
- Достарынан айырылып, жеке заттары жоғалады;
- Үлгерімі күрт төмендейді;
- Ұйқысы бұзылып, денсаулығына жиі шағымданады;
- Агрессивті немесе тұйық мінез көрсетеді;
- Интернеттен кейінгі көңіл күйі нашар болады.
Балалар мен жасөспірімдерге кеңестер:
- Онлайн ортада сыпайы болып, достарыңызды қолдаңыздар;
- Жеке аккаунттарыңызға бейтаныс адамдарды қоспаңыздар;
- Құпиялық баптауларын үнемі тексеріп отырыңыздар;
- Жеке парақшаларыңыздың құпиясөзін ешкіммен бөліспеңіздер;
- Жалған ақпарат пен бөтен адамдардың фотосуреттерін таратпаңыздар;
- Өзгенің жеке өміріне құрметпен қараңыздар;
- Кибербуллинг үшін 10 АЕК-тен басталатын айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Дата обновления - 18.08.2025