Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады

Жүктеу

Кіріспе

Жалпы қауіпсіздік ережелері:

  • Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
  • Телефон немесе интернет арқылы түскен өтініштерді асығыс орындамаңыз.
  • Күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
  • Қолданбалар мен операциялық жүйені үнемі жаңартып отырыңыз.

Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз: 

  • Дереу 102 нөмірі арқылы немесе https://qamqor.gov.kz/ сайты арқылы полицияға хабарласыңыз.
  • Ақша шешу әрекеті байқалса, банк немесе банк қосымшасы арқылы картаңызды бұғаттаңыз.
  • Көмек алу үшін 116 бірыңғай нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.

Маңызды! Алаяқтардың банк шотын Антифрод орталығы арқылы бұғаттауға болады – ол үшін банкке немесе полицияға хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат:

Кеңес алу немесе сұрақтарыңыз болса, Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Алаяқтық туралы хабарлау үшін:

https://qamqor.gov.kz/ сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қосымша ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің Instagram парақшасынан табуға болады: https://www.instagram.com/cybercrime.kz/.

 

Тегін заңгерлік кеңес беру қызметі

LegalExpert.kz — бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін тегін онлайн құқықтық көмек қызметі, ол азаматтарға бастапқы заңдық түсініктемелер, қадамдық ұсыныстар, заңнамаға сілтемелер және сот тәжірибесінің мысалдарын алуға көмектеседі. Қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, тәулік бойы қолжетімді және Қазақстандағы құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға арналған.

  1. Кіріспе