«Қызметкерлер мен ұйымдардан» қоңырау

Инструкция

Алаяқтар өздерін банк, полиция, прокуратура, экономикалық тергеу қызметі, пошта, ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызметтер және басқа да мемлекеттік органдар қызметкері ретінде таныстырады.

Олар «күдікті операциялар», «бұзу әрекеті», есептегішті жаңарту қажеттілігі, телефон нөмірінің жарамдылық мерзімін ұзарту, сәлемдеме алу туралы айтып, кодты немесе ақшаны жіберуді сұрайды.

Кеңестер:

Құпиясөздеріңізді, PIN, CVV және SMS кодтарын ешқашан айтпаңыз.

Қоңырауды үзіп, банкке өзіңіз хабарласыңыз.

Барлық ақшаңызды бір картада сақтамаңыз.

«Қауіпсіз шот» деген ұғым жоқ.

Мессенджерлердегі фото, форма, логотип және «лауазым атауларына» сенбеңіз.

Ресми органдар WhatsApp арқылы азаматтарға қоңырау шалмайды және телефон арқылы тергеу жүргізбейді.

Дата обновления - 19.08.2025
Справочная информация
26