Инструкция
1. Ақпарат:
- Сіздің ауданыңыздың (қала, ауыл ) су тасқыны қаупі аймағында екенін біліңіз.
- Ауа райы болжамдары мен жергілікті биліктің ескертулерін орындаңыз.
- Ауылдық жерлерде жедел хабарлау үшін ватсап мессенджерінде бірыңғай топ құру қажет.
- Ескертулерді орындаңыз: Жергілікті билік пен БАҚ ұсынатын ақпараттан хабардар болыңыз. Гидрологиялық болжамдар мен су тасқыны туралы ескертулерге мұқият болуларыңызды сұраймыз.
- Балаларға қажетті әрекеттерді үйрету және төтенше жағдай кезінде бала үйден тыс жерде болған жағдайда қайда бару керектігін түсіндіріңіз.
2. Үйді дайындау:
- Шатырдың, қабырғалардың, терезелер мен есіктердің жай-күйін тексеріңіз.
- Құнды заттарды, құрылғыларды және құжаттарды жоғарғы қабаттарға немесе сөрелерге жылжытыңыз.
- Мүмкіндігінше іргелес аумақты жағалап, үй аумағының суару арықтарын (бар болса) тазалаңыз (ЖТҮ) және өз күштеріңізбен үй аумағынан қарды тазалаңыз.
3. Жедел жәрдем жинағы:
- Сөмкеге маңызды заттарды салыңыз:
- 3-5 күн бойы су және тез бұзылмайтын тағам.
- Алғашқы көмек қобдишасы, фонарь, батареялар.
- Су өткізбейтін қаптамадағы құжаттар (барлық отбасы мүшелеріне және тұрғын үйге арналған барлық құқық белгілейтін құжаттар) .
- Телефоныңыз үшін қуаттағыштар мен қосалқы батареялар.
- Қосалқы киім, қосалқы аяқ киім және көрпе.
4. Эвакуация жоспары:
- Отбасыңызбен қауіпсіз кездесу орнын алдын ала ұйымдастырыңыз.
- Эвакуациялау жолдарын және ең жақын уақытша орналастыру пункттерін біліңіз.
- Белгіленген эвакуация пунктіне тіркелу және қауіпсіз аймаққа жөнелту үшін белгіленген уақытта келуіңіз керек.
- Үй жануарларыңызды қауіпсіз жерге (мал ауласына) алдын ала апарыңыз.
- Үйіңізде жүріп-тұруы қиын мүгедектер немесе қарт адамдар болса, су тасқынына қарсы штаб пен құтқару қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз.
Дата обновления - 04.03.2025