Мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа қалай орналасады?
ЖүктеуМүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау туралы
Мүгедектіктің болуы өздігінен жұмысқа орналасуға кедергі болып табылмайды. Жұмыс таңдау кезінде кәсіптік біліктілік, дағдылар, денсаулық жағдайы және медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай шаралары көзделген?
1. Жұмыс орындарына квота белгілеу
Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлерінің тізімдік саны 50 адамнан басталатын жұмыс берушілер үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға квоталар белгілейді.
Квота мөлшері:
-
50-ден 100 жұмыскерге дейін — 2%;
-
101-ден 250 жұмыскерге дейін — 3%;
-
250 жұмыскерден астам — 4%.
Квотаны есептеу кезінде ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары есепке алынбайды.
Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының 20%-ынан асатын ұйымдарға квота белгіленбейді.
2026 жылғы 24 тамыздан бастап квоталарды белгілеу және олардың орындалуын мониторингтеу процесі автоматтандырылды.
2. Арнайы жұмыс орындарын құру
Жұмыс берушілер мүгедектігі бар жұмыскерлердің жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жабдықталған жұмыс орындарын құра алады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен осындай жұмыс орындарын жабдықтауға жұмсалған жұмыс берушілердің шығындарын мемлекет тарапынан субсидиялау көзделген.
3. Субсидияланатын жұмыс орындары
Мүгедектігі бар адамдар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда заңнамада көзделген субсидияланатын жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыса алады.
4. Кәсіптік оқыту
Жеке жағдайына байланысты кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге жәрдемдесу шаралары ұсынылуы мүмкін.
5. Жұмыс іздеуге көмек көрсету
Мансап орталықтары лайықты бос жұмыс орындарын таңдауға жәрдемдеседі, ал Enbek.kz порталы жұмысты өз бетінше іздеуге және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерге жүгінуге мүмкіндік береді.
Маңызды! Жекелеген қолдау бағдарламаларына қатысу белгіленген талаптарға сәйкестікке, лайықты бос жұмыс орындарының болуына және көзделген қаржыландыруға байланысты.
