Қазақстанда үй жануарларына микрочип қалай салынған?
ЖүктеуЖануарға микрочип салмасаңыз не болады?
Үй жануарларын есепке алуға қатысты заңнамада белгіленген талаптарды бұзу мынадай мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады:
-
жеке тұлғаларға — 10 АЕК;
-
лауазымды адамдарға — 20 АЕК;
-
заңды тұлғаларға — 30 АЕК.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталап жасалған жағдайда мынадай айыппұлдар көзделген:
-
жеке тұлғаларға — 20 АЕК;
-
лауазымды адамдарға — 30 АЕК;
-
заңды тұлғаларға — 40 АЕК.
Жауапкершілік тек микрочиптің болмағаны үшін ғана емес, заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін туындайды.
