Нотариус қызметін онлайн қалай алуға болады?

Введение

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп «Онлайн нотариаттық кеңес беру» қызметін енгізді, енді нотариаттық кеңес алу үшін қазақстандықтарға тек смартфон және интернетке қолжетімділіктің болуы жеткілікті.

Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай-ақ, нотариаттық іс-әрекетке қатысты құқықтық сұрақтарына жауап ала алады.

Бұл материалда біз онлайн нотариалдық қызметтерді қалай алуға болатынын қарастырамыз.

Онлайн сенімхатты қалай ресімдеуге болады?

Нотариалды куәландырылған сенімхат азаматтарға eGov арқылы қолжетімді Цифрлық деп аталатын сенімхат клиент пен нотариус арасындағы бейнебайланыс арқылы онлайн режимде ресімделеді.

Цифрлық сенімхат ресімдеу үшін сізге:

  • eGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз;
  • өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою;
  • жеке басын растау үшін қолданбадан нотариусқа бейнеқоңырау шалу;
  • нотариаттық қызметке белгіленген тариф бойынша ақы төлеу;
  • «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхат алу қажет.

Цифрлық сенімхатты қағаз түріндегі аналогымен бірге барлық мемлекеттік органдарда немесе сұратқан орындарда ұсынуға болады.

Қазіргі уақытта онлайн режимінде көрсетілетін нотариаттық қызметтердің тізімі кеңейтілді, егер бұрын жобаның бірінші кезеңінде сенімхаттардың тек үш түрі онлайн түрде ресімделсе, қазір мүлікті басқарумен байланысты сенімхаттардан басқа барлық түрлері eGov арқылы электронды түрде қол жетімді.

Жекеше нотариустың әрекетіне қалай және қайда шағымдануға болады?

Егер нотариус сіздің құқықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді бұзса, сіз нотариустың әрекетіне шағымдануға құқылысыз.

Нотариустың әрекетіне шағымданудың бірнеше жолы бар:

  • Жолданыммен аумақтық нотариаттық палатаға хабарласыңыз (мекенжайды Google іздеу жолағына теру арқылы табуға болады, мысалы: Ақмола облысының нотариаттық палатасы
  • Өңірлік әділет органына дәлелді себептері мен растайтын дәлелдері бар жолданыммен хабарласыңыз.

немесе « Е- Өтиниш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электронды түрде )

Сіздің өтінішіңіз бойынша өңірлік әділет органы тиісті тексеру жүргізеді.

  • Нотариустың әрекетіне сот тәртібімен шағым жасау (егер сотқа дейінгі реттеу процедурасы таусылған болса, онда жоғарыда көрсетілген әдістер бар).

Нотариустың кеңесін онлайн қалай алуға болады?

Қызметті алу үшін сізге қажет:

  1. eGovMobile қолданбасында авторизация жасаңыз;
  2. «Е-нотариат» бөлімінде «Онлайн кеңес беру» қызмет типін таңдап, өтінімді толтырыңыз;
  3. Бейнеқоңырау арқылы кеңес алу үшін қызықтыратын сұрақты қойыңыз;
  4. Нотариаттық қызметке ақы төлеу – 1 АЕК танымал мобильді банкинг қосымшалары арқылы (нотариус ­ресімдеу үшін екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасында шот шығарады, клиент хабарлама алады және төлейді).

Бұл қызметті өтініш берген кезде қолжетімді кез келген нотариус ұсына алады. Цифрлық сенімхатты қағаз түріндегі аналогымен бірге барлық мемлекеттік органдарда немесе сұратқан орындарда ұсынуға болады.