Цифрлық құжат – бастапқы құжаттың аналогы. Осы кезеңде «Цифрлық құжаттар»
40 құжатты, оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және т.б. қамтиды.
Цифрлық құжатты табу үшін сізге қажет:
Цифрлық құжаттың иесі құжатты сұратылған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектесетін QR кодын пайдаланып оған қол жеткізе алады.
Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы eGov Mobile-ды Play Market (қажетті Android нұсқасы – 5.0 немесе одан жоғары) және App Store (қажетті iOS нұсқасы – 11.3 немесе одан жоғары) дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.
Мобильді қосымшаны пайдалану үшін пайдаланушы – жеке тұлға Электрондық үкімет порталында (egov.kz) тіркелуі тиіс (толығырақ осында).