«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Введение

2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматтарының барлық балаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы 2024 жылдан бастап олар 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын есептелетін болады. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі. Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады.

Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына аударылады және 18 жасқа толғаннан кейін азаматтар жинағын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.

«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының қалай жұмыс істейтінін қарастырамыз.

Ақшаны қашан және қалай алуға болады?

Нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақ ақшасын алу құқығы нысаналы жинақ сомасын нысаналы жинақ шотына есепке алған, нақтысында ол он сегіз жасқа толған күннен бастап туындайды.

Нысаналы жинақ ақшасын төлеуге өтінішті және тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтау төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушы уәкілетті операторларға – екінші деңгейдегі банктерге, нысаналы жинақтардың төлемдерін есепке алу үшін банктік шот ашып, оны жүргізетін, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Ұлттық пошта операторына ұсынады.

БЖЗҚ-дан уәкілетті операторға аударылатын нысаналы жинақ төлемдері АҚШ долларымен жүзеге асырылады.

Алушылар нысаналы жинақтардың нысаналы жинақтау шоттарына есептелгенін БЖЗҚ интернет-ресурсындағы жеке кабинеті және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы дербес тексере алады.

Бағдарламаның қатысушысы кім?

Бағдарламаға қатысушылар - Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.

  18 жасқа толғанға дейін де, 18 жастан кейін де Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар мақсатты жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады. Тұруға ықтиярхаты бар балаларға да ақша берілмейді.

Мақсатты жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы бала немесе нысаналы жинақ алушы қайтыс болған жағдайда, мұндай нысаналы жинақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Мақсатты талаптар БЖЗҚ-да мақсатты жинақ шотына есепке алынғаннан кейін мұрагер(лер) мақсатты талаптарды төлеуге өтініш береді.

Қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушылардың және нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Егер нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына өз қаражатын пайдалануға жүгінбесе, олар ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алуға болады.

Бала алған қаражатты қандай мақсатқа жұмсай алады?

Балалар 18 жасқа толған жылы мақсатты жинақтар олардың мақсатты жинақ шоттарына АҚШ долларында аударылады, инвестициялауды тоқтатады және тұрғын үй мен білім алуға пайдалануға арналған.

Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алуға ақы төлеу мақсатында алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) жағдайында) БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасалған уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы/мобильді қосымшасы арқылы жүгінуі тиіс:

Бағдарламаға сәйкес, егер азамат қаражатты рұқсат етілген мақсаттарға пайдаланғысы келмесе, онда қаражат шотта 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін ақша ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын алушының жеке зейнетақы шотына аударылады.

«Ұлттық қор- балаларға» жобасы туралы толығырақ ақпаратты «Отбасы Банкінің» арнайы бетінен табуға болады.

Жинақтауу сомасы мөлшері және қаражатты пайдалану шарттары

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы мыныдай сипатта жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) БЖЗҚ-ға жыл сайын нысаналы талаптардың жалпы сомасы, орташа инвестициялық кірістің ставкасы және талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты қамтитын есебін жібереді.

БЖЗҚ жыл сайын (есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының (ЖТ МДҚ) мәліметтері негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың (Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін 18 жасқа дейінгі балалар) электрондық тізімін қалыптастырады.

Жыл сайын қаңтар айында ҚРҰБ-тан және ЖТ МДҚ-дан алынған ақпарат негізінде БЖЗҚ есепті жылдағы нысаналы талаптарға қатысушы бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептейді және осы деректерді өзінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру бойынша тұрақты түрде ұсынылып отыратын есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтында орналастырылады.

 

Балалардың заңды өкілдері не істеуі керек?

Ата-аналар немесе заңды өкілдер әрбір кәмелетке толмаған баланың деректерінің дұрыстығын тексеруі тиіс:

  • баланың жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде ЖСН алу (егер бұл қандай да бір себептермен әлі жасалмаған болса);
  • деректемелердің болуын және дұрыстығын тексеру: Т.А.Ә., Т.Ж., ЖСН, кәмелетке толмаған баланың азаматтығы;
  • «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетінде балалары туралы ақпараттың болуын тексеріңіз.

Егер баланың:

Ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың шоттарына Ұлттық қордан ақша түскенін:

  • kids.enpf.kz сайтта; 
  • "egov mobile" мобильді қосымшасында - "Цифрлық құжаттар"-"Отбасы" бөлімдерінен тексере алады.