Шетелде құжаттарды қалай заңдастыруға болады?
ЖүктеуЗаңдастырылған құжаттарға қойылатын талаптар
- Заңдастыру үшін құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
- Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, аудармашы немесе аударма қызметін көрсететін ұйым куәландырады.
- Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу қағидаларының 10-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Мыналар заңдастыруға жатпайды:
- уәкілетті тұлғаның қолы және мөрі қойылмаған құжаттар;
- егер құжаттың түпнұсқасында уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі болмаса, құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
- электрондық құжаттар;
- туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.
Шетелдік құжаттарды тану тәртібі:
- Апостиль (1961 жылғы Гаага конвенциясы): Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды легализациялау талаптарын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылады. Құжаттарға «апостиль» мөртабаны қойылады, содан кейін олар басқа қатысушы елдерде ешқандай шектеусіз қабылданады.
- Құқықтық көмек туралы шарттар: Қазақстан екіжақты немесе көпжақты шарттар жасасқан мемлекеттердің ресми құжаттары (мысалы, Минск конвенциясы аясындағы ТМД елдері) апостильсіз және легализациялаусыз қабылданады (тек нотариалды куәландырылған аударма қажет).
- Консульдық легализация: Гаага конвенциясына қатысушы болып табылмайтын және ҚР-мен құқықтық көмек туралы шарттары жоқ мемлекеттерге жіберілетін құжаттар үшін қолданылады.
1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы елдер:
|
Австралия |
Гонконг |
Макао |
Сент-Люсия |
|
Австрия |
Гренада |
Малави |
Сербия |
|
Әзербайжан |
Грекия |
Мальта |
Сингапур |
|
Албания |
Грузия |
Маршалл аралдары |
Словакия |
|
Андорра |
Дания |
Мексика |
Словения |
|
Антигуа және Барбуда |
Доминика |
Молдова |
АҚШ |
|
Аргентина |
Доминикан Республикасы |
Монако |
Суринам |
|
Армения |
Израиль |
Моңғолия |
Тәжікстан |
|
Аруба |
Үндістан |
Намибия |
Тонга |
|
Багам аралдары |
Ирландия |
Нидерланд |
Тринидад және Тобаго |
|
Барбадос |
Исландия |
Жаңа Зеландия |
Түркия |
|
Бахрейн |
Испания |
Норвегия |
Өзбекстан |
|
Белиз |
Италия |
Оман |
Украина |
|
Беларусь |
Кабо-Верде |
Панама |
Уругвай |
|
Бельгия |
Қазақстан |
Парагвай |
Фиджи |
|
Бермуд аралдары |
Кипр |
Перу |
Финляндия |
|
Болгария |
Қырғызстан |
Польша |
Франция |
|
Босния және Герцеговина |
Колумбия |
Португалия |
Хорватия |
|
Ботсвана |
Корея (Республикасы) |
Пуэрто-Рико |
Черногория |
|
Бразилия |
Коста-Рика |
Ресей Федерациясы |
Чехия |
|
Британдық Виргин аралдары |
Косово |
Румыния |
Швейцария |
|
Бруней-Даруссалам |
Латвия |
Сальвадор |
Швеция |
|
Бурунди |
Лесото |
Самоа |
Эквадор |
|
Вануату |
Либерия |
Сан-Марино |
Эстония |
|
Ұлыбритания |
Литва |
Сан-Томе және Принсипи |
Оңтүстік Африка Республикасы |
|
Венгрия |
Лихтенштейн |
Сейшель аралдары |
Жапония |
|
Венесуэла |
Люксембург |
Сент-Винсент және Гренадиндер |
|
|
Германия |
Маврикий |
Сент-Китс және Невис |
|
